Қоғам 31.08.2017 сағат 14:57  517

Венгрияда қазақ тіліне деген қызығушылық артқан

Қазақ пен мажарлардың түбі бір ұлттар екені тарихтан белгілі. Екі ұлтты біріктіретін қыпшақтар кезінде Орта Азиядан шығып Еуропаға дейінгі аумақты жаулап алған. Бүгінгі Венгриядағы мажарларыңыз сол қыпшақтардың ұрпағы. Алайда, заман өзгеріп, арадағы байланыс ғасырлар бойына үзіліп қалған болатын. Дегенмен, Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдары мажарлар тарихты қайта жаңғыртты. Қазақтарды бауырлас ұлт дейтін венгрлер Тәуелсіздігімізді мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Ал, соңғы жылдары екі елдің арасында тек экономикалық емес, мәдени, әлеуметтік байланыстар да айтарлықтай дамып келеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осы сөзіміздің бір дәлелі – Венгрия астанасы Будапешттегі Лакителек халықаралық институты. Мұнда қазақ тілін үйрететін курс жұмыс істейді. Ана тілімізді сол жақтағы қазақ диаспорасы өкілдері ғана емес, мажарлар да үйрене бастапты. Яғни, жергілікті тұрғындар тарапынан да қазақтарға деген қызығушылық басым. Кеше осы тіл оқыту орталығында болған Қазақстанның Венгриядағы елшісі Нұрбақ Рүстемов осыған көз жеткізіп қайтты.

Н.Рүстемов Мажарстан мемлекеттік жиналыстар төрағасының орынбасары, институт директоры Шандор Лежак пен оқу ордасының студенттерімен кездесу барысында заманауи Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі кезеңдері мен Тәуелсіздік жылдарындағы елдің басты жетістіктері туралы айтты, сондай-ақ мажарстандық аудиторияны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі аспектілерімен таныстырды.

Қазақстандық дипломат біздің еліміз білім және ғылым  жаһандық жүйесінің интеграциясы үшін, рухани бірлікті қамтамасыз ету үшін қажет болып табылатын қазақ тілін латын әліпбиіне көшу жолында тұрғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, ол Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қатынастың тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстың арқасында стартегиялық кезеңге өткенін айтты. 

Кездесу барысында Елші болашақта қазақстандық жоғары оқу орындарында жоғары білім алуды жоспарлап жүрген студенттердің қазақ халқының салт-дәстүрі туралы қойған сұрақтарына жауап берді.

Бұған қоса, аудитория назарына мажар тілінде Қазақстан туралы деректі фильм ұсынылды. Сондай-ақ, Елшілік тарапынан қазақ тілі, әдебиеті бойынша оқу құралдары мен сөздіктер сыйға берілді, ал студенттерге естелік сыйлықтар сыйға тартылды. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар