Қоғам 16.08.2017 сағат 08:54  340

Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты

Демограф-мамандардың болжамынша Қазақстан халқының саны 2020 жылы 19 миллионға жетіп, 2030 жылы 20,3 миллион адамды құрауы тиіс. Алайда, соңғы санақтар бұл көрсеткіштерге уақытынан бұрын жететінімізді көрсетіп отыр. ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығының өзінде ел тұрғындарының саны 18 миллионнан асып кеткен.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мамандардың есебінше, 1 шілдеге дейін қазақстандықтар саны 18 миллион 34 мың 3 жүз адамды құрапты. Бұл өткен жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 238,2 мың адамға көп.өсім 1,34 пайызды құрап отыр. Жалпы халықтың 57,3 пайызы (10 339,4 мың) қалада тұрса, қалған 42,7 пайызы (7 694,9 мың) ауыл тұрғындары екен.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтер бойынша, 2017 жылғы қаңтар-маусымда туғандар саны 189,3 мыдің адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 6,4 пайызға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,16 туғанды құрады.

2017 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12,4 мың адамға немесе 9,2 пайызға кеміп, 122,6 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,70 адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 66,7 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 0,7 пайызға аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,46 қайтыс болғанды құрады.

2017 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейінгі 1605 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 16,5 пайызға азайды.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі — перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-маусымда 793 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 49,4 пайызын құрады. Туа біткен ауытқулардан 379 немесе 23,6%, тыныс органдары ауруларынан – 105 немесе 6,5% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 85 немесе 5,3% нәресте қайтыс болды.  2017 жылғы қаңтар-маусымда нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда 8,48 құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтер бойынша, 2017 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 39,7 пайызға көбейіп, 8 663 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 1,4 пайызға көбейіп, 15 063 адамды құрады, көші-қонның айырымы — 6 400 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болып жатыр.

  • ТМД елдерінен келгендердің үлесі 69,2%;
  • ТМД елдерге кеткендердің үлесі 88,8 пайызды құрады.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 34,1 пайызын кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

  • Астана қаласы – 22 367 адам;
  • Алматы қаласы – 12 465 адам;
  • Ақмола облысы – 1 692  адам;
  • Атырау облысы – 157 адам қалыптасты.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар