Қоғам 17.08.2017 сағат 09:02  557

Қызылорда облысы тұрғындарының саны 800 мыңға жуықтады

2017 жылдың 7 айында Қызылорда облысы халқының саны 777,7 мың адамға жетті, деп жазады Sn.kz Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Облыстағы өлім көрсеткішініне қарағанда туу саны жоғары. Бұл туралы және қаңтар-шілде айында атқарған жұмыстарын облыстық статистика департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы Баекеева Мариям Жәдігерқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады. 

Сондай-ақ, 7 айда некеге тұрғандар саны - 2419, ал ажырасулар- 831 құраған. 100 некеге 34 ажырасудан келеді. Ең көп ажырасу саны Байқоңырда, 2 некенің біреуі ажырасқан. 

Жалпы, статистика департаментінің мәлімдеуінше, Қызылорда облысы экономикасының негізін құрайтын, өнеркәсіп өндірісімен 300-ге жуық кәсіпорын айналысып, 416 млрд теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өндірісінің 81,6 пайызы кен өндіру және карьерлерді қазу саласының үлесінде. Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2017 жылғы қаңтар-шілдеге 19,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға жоғары болды.

Облысымызда 48843 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, дара кәсіпкерлер үлесі 74,9 пайызды, шаруа қожалықтары – 12 пайызды, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 13,1 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар