Қоғам 08.09.2017 сағат 03:33  1231

Қазақстанда жанармай тағы қыбаттауы мүмкін

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі жанармай құю бекеттерінің бәрі арнайы қондырғы сатып алып, оны орнатулары тиіс. Бұл көлеңкелі бизнеспен күресу үшін биліктің қойып отырған талабы. Жаңа қондырғы кәсіпкердің қанша жанармай сатып алғанын және сатқанын тура анықтап береді деп мәлімдеді 31-арна.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Енді жанармай құю бекеттерінің иелері биліктің бұл талабына қарсы талап қоятындарын айтып отыр. Яғни, бензин бағасын қымбаттатпақшы. Өйткені, жаңа қондырғыны орнату арқылы олар қосымша шығынға ұшырайды екен. 1 қондырғыны орнатудың құны шамамен 5 миллион теңге.

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары осынау талап арқылы жанармай сататын кәсіпкерлердің шынайы табысын анықтаймыз деп алақан ысқылап отыр. Егер жаңа қондырғыны орнатпаса олар 500 мың теңгеге дейін айыппұл төлейтін болады.

Мұнай-газ нарығын зерттеп жүрген сарапшы Сергей Смирновтың айтуынша, жаңалықтың оң және теріс тұстары бар. Жақсы жағы: енді жанармай сатушылары сапасыз бензин мен сапалысын араластырып сата алмайтын болады. Өйткені, жаңа қондырғы бензиннің құрамын да анықтап отырады. Бірақ, мұның салдарынан жанармай бағасы міндетті түрде қымбаттамақ.

"2025 жылы ортақ экономикалық кеңістік елдері арасында ортақ энергетикалық нарық құрылады. Яғни, бұл елдердің бәрінде жанармай бағасы теңестірілмек. Демек, баға Ресейдің нарығына ыңғайластырылады. Ол жақта жанармай құны біздікінен әлдеқайда қымбат", - дейді С.Смирнов.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар