Қоғам 08.09.2017 сағат 05:17

Оралда екі әйел мен 3 жасар баланы азаптап өлтірген жігіт қамауға алынды

Орал қалалық сотының тергеуші судьясы Раушан Исмаилова 24 жастағы Әділет Камалиевті екі айға қамауға санкция берді деп жазады Азаттық. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданынан шыққан Камалиев екі әйел мен олардың бірінің үш жастағы баласын өлтірді деген сезікпен ұсталған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Істі қараушы прокурор Марат Ишановтың тұжырымы бойынша, кісі өліміне қызғаныш себеп болған. Кісі қолынан мерт болғандардың бірі күдіктімен бірге тұрудан бас тартқан. Камалиев қылмыс жасағанын мойындаған.

5 қыркүйекте Орал қалалық ішкі істер басқармасы Оралдың түбіндегі Зачаганск кентінде үш кісінің кісі қолынан мерт болғанын хабарлаған. Құрбандарды пышақтап өлтіріп, мәйіттерін үйімен бірге өртеп жіберуге тырысқан.

Камалиевке Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Екі немесе одан да көп кісіні, кәмелетке толмаған адамды өлтіру") бойынша іс қозғалған. Бұл бап бойынша 15 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар