Қоғам 08.09.2017 сағат 10:40  655

Алматы облысында көлік 6 жылқыны қағып кетті

Алматы облысының тұрғыны 6 жылқыны көлікпен қағып, өзі ауруханаға түсті. Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат төрт шамасында Үштөбе-Талдықорған тас жолында болған деп жазады ҚазАқпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Nissan Primera маркалы көлікті 1995 жылғы Үштөбе қаласының тұрғыны тізгіндеген. Ал, оның қасында 1999 жылғы жолаушы да болыпты. Жол апаты салдарынан жарақат алған екі жігіт те қазір ауруханада жатыр. Айта кетерлігі, көлікпен қағылған алты жылқының төртеуі өлген. Екі жылқы тірі, бірақ аяқтары сынған деген ақпарат бар.

Аталған фактіні облыстық ІІД баспасөз қызметі де растады. ІІД келтірген мәліметтерге қарағанда, жылқылардың иесі Абай ауылының тұрғыны.  Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабына сəйкес қылмыстық іс қозғалған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар