$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО-да 9 жасар бала Қызылқұм каналына ағып кетті

ОҚО Шардара ауданындағы Қызылқұм каналына 9 жасар баоа батып кетті. Құтқарушылар оқушының денесін 1 сағаттың ішінде тауып, жағаға алып шықты. Бұл жыл басынан бері судың құрбаны болған облыстағы 17 бала деп жазады Otyrar.kz.

Оқиға 7 тамыз күні кешкі сағат бестер шамасында Алатау батыр акылында орын алған. Құтқарушыларға сол канал маңында болған ауыл тұрғындары дереу хабар беріпті. Айтуларынша, 2008 жылғы бала суға түсіп, қайта шықпаған.

«Шақырту сағат 17:25-те келіп түсісімен оқиға орнына дереу 5 құтқарушы жіберілді. Іздеу тобы 18:15-те баланың денесін ізднуге кірісіп, 19:20-да мәйітті жағаға алып шықты», — дейді ОҚО ТЖД бас маманы Павел Вишенин.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға болған жерде шомылуға тыйым салынған екен. Ол жерде құтқарушылар жұмыс істемейді. Алайда, соған қарамастан жергілікті тұрғындар суға шомыла береді екен.

Жалпы, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 31 адам суға кетіп қайтыс болған. Олардың 17-сі кәмелет жасына толмаған балалар. Ал, былтырғы 12 айда өңірде 70 адамның ажалы судан келген. Олардың 42-сі кішкентай балалар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары