Қоғам 23.08.2017 сағат 09:50

Алматы хайуанаттар бағында өзгеріс көп (ФОТО)

Алматы хайуанаттар бағы соңғы уақытта үлкен реформаны бастан өткізді. Бұл жолғы реформа бұрынғыдан өзгерек. Енді аңдарға тас лақтырып, оларға қауіп төндірушілер саны азая түспек. Зообақтағы ескі темір торлар заманауи әйнектермен ауыстырылуда. Жаңа орынға көшіп, қоныс ауыстырып жатқан жануарлар да бар. Қауіпсіздік қызметі де сақадай сай. Хайуанаттар бағында толығымен бақылау камералары қойылған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Негізінен Алматыны «қоршаусыз қалаға» айналдыру өзге салаларды да қамтыды. Мәселен, көше қиылыстарында орналасқан бірнеше мекеменің темір қоршауы алынып тасталды. Тіпті кейбір жеке меншік ғимарат иелері заңсыз түрде дуал орнатып алған екен. Осылайша қала көлемінде басталған «темір қоршаулармен күрес» науқаны хайуанаттар бағында жалғасын тауып отыр.

Жоба авторы Сергей Спицын зообақ реформасын әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жасағанын айтады. Зообаққа келушілер аңдарды қазір үш қабатты әйнек арқылы көре алады. «Ал жаңа әйнек қоршаулар жануарларға қаншалықты ыңғайлы?» деген заңды сұрақ туындайды. Жоба иелері әйнек қоршаулар қауіпсіз әрі өте тиімді дейді.

Алматы зообағы қызметкерлерінің айтуынша, аңдарға қарай тас лақтыру, олардың ашуын тудыру сынды оқиғалар жиі болып тұрады екен. Ал жаңа өзгеріс осы қисық әрекеттерді түзуге көмектесуі тиіс. Айта кету керек, енді аңдарға жөнсіз тиіскендер бірден полицияға тапсырылып, қатаң жазаланатын болады. «Бұзақылық» бабы бойынша жазалануы мүмкін.

«Темір тор әйнекке ауыстырылғанмен адам мен аң арасындағы қашықтық сақталады. Зообақ толығымен кәсіби агенттік қорғауында. Қауіпсіздік қызметі сапасы жағынан жаңа деңгейге көтерілді. Бақыолау камераларын орнаттық», - дейді Алматы хайуанаттар бағы директоры Ержан Еркінбаев.

Қазіргі уақытта зообақта ауысыммен 10 күзет қызметкері жұмыс істейді. Орнатылған бейнебақылау камераларының саны 40-тан асады. Енді бұзақыларды табу және олардың кінәсін мойындату оңайлай түседі. Жалпы хайуанаттар бағының сметалық-жобалық құжаттары әзірленіп жатыр. Белгіленген жоспар бойынша қайта жөндеу жұмыстарын өткізген соң Алматы хайуанаттар бағы әлемдік зообақтармен теңеседі.

«Бұл өзгерістердің барлығын жүзеге асыруға көп уақыт кетеді. Сондықтан, біз кейбір аңдардың жайлы өмір сүруі үшін торларын ыңғайлап, реконструкциядан өткізіп жатырмыз. Ветеринар бөлімі ғимаратының да тозығы жеткен. Оны да қайта салу жағын қарастырмақпыз», - дейді зообақ басшысы Ержан Еркінбаев.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар