Қоғам 10.08.2017 сағат 17:08  527

Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жұмыстарын жіті қадағалау керек

Еліміздің қоғамдық өмірінде дінтанушылар айрықша маңызға ие. Президент «Қазақстан 2050» стратегиясында өркениет құндылықтарының дағдарысы басты сын-қатерлердің бірі екенін атап өтіп, әлеуметтік, этностық, діни салада тұрақтылықты дамытудың сенімді тетіктерін жасау қажеттігін ескерткен болатын.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл бағытта бүгінде бірқатар шаралар қолға алынған. Әсіресе, мемлекеттік органдармен қатар дінтанушыларға да зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Енді азаматтық қоғам ұйымдары мен ақпарат құралдары бірлесіп жұмыс істейді.

Мұндай жұмыстардың алдын Алматы қаласы бойынша Дін істері басқармасы бастап та кеткен. Басқарма мамандарының айтуынша, ең алдымен халыққа кереғар діни ағымдардың залалы туралы түсіндіру қажет. Түсіндіру жұмыстарынан кейін теріс ағымдарға өтіп кеткен азаматтарды анықтап, олармен жеке жұмыс жүргізіледі екен.

«Біз Алматы қаласы бойынша 110 адамнан тұратын ақпарат түсіндіру топтарын құрдық. Топтар құрамына ІІМ, психологтар, заңгерлер, тарихшылар, дінтанушылар, теологтар, қоғам қайраткерлерін, спортшы, әнші және т.б. адамдарды енгіздік. Соның ішінде имамдар мен теологтардың қатысуымен қала мешіттерінде, базарларында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға байланысты іс-шаралар өткізудеміз», - дейді Алматы қаласы Дін істері басқармасы Сараптама және зерттеу орталығының бас сарапшысы Нұрислам Исмайл.

Маманның айтуынша, діни ағартушылық еліміздің мектептерінің бәрінде жүргізіледі. Атап айтқанда, 9 сынып оқушыларына «Дінтану негіздері» пәні қазақ, орыс және өзге этнос тілдерінде өтіліп келеді.

Алдын алу және ағарту жұмыстарын жүргізуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және оның қарамағындағы мешіттер де белсенді. Олар еліміздің қоғамдық, мәдени, әлеуметтік және саяси өмірінде белсенділік танытып келеді.

«Сонымен қатар, мұсылман дін өкілдері, теологтар және психологтардың қатысуымен қаламыздың Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «қоғамдық қабылдау» форматында акция өткізіп жатырмыз. Бұл жерде сұрақ қою арқылы кез келген адам өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына барынша жауап алуда. Осындай іс-шараларда қатысуларымен мұсылман дін өкілдері мен психолог, теологтар қолдарынан келгенше көмектесуде» - дейді Нұрислам Оразалыұлы.

Еліміздегі кеңес беру-оңалту орталықтары арқылы бірқатар мақсаттарды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, теологтарды тарта отырып, өңірдегі діни ахуалды ақпараттандыратын жергілікті БАҚ пен мемлекеттік қызметкерлердің, имамдардың, ақпараттық-насихат топ мүшелерінің біліктілігін арттыру және оқыту курстарын жүйелі түрде өткізу бойынша қызметтер жасау қолға алынбақ. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан дінтану сараптамасынан оң қорытынды алған белгілі теолог мамандардың  және министрлік дайындаған баспа өнімдерін (кітап, брошюра, буклет, журнал, т.б.) шығару, қайта басу және тарату қызметтерін көрсетуді жалғастыратын болады.

Статистикаға сүйенсек, елімізде 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. 2012 жылғы қайта тіркеу шарасынан бұрын еліміздегі тіркелген ұйымдардың саны 4551-ге жеткені белгілі. Қазір олардың қайта тіркеуден өткендерінің саны үш мыңнан астам.

Әсіресе, дәстүрлі емес, тоталитарлық және десструктивті секталар мен радикалды діни ағымдардың кейбірі тіркелуді қажет деп таппайтындықтан, олардан зардап шеккендерді анықтау немесе оларды жауапқа тарту барынша қиын. Ең басты алаңдатушылық тудыратын мәселе діни ұйымдар мен олардың іліміне сенушілердің күн санап өсуінде болып отыр.

Діни ұйымдар көбейген сайын оларға қарсы күрес те мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан күшейіп келеді. Мәселен, Алматы қалалық Дін істері басқармасының мамандары арнайы ақпараттық топтар құрып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуде.

Мамандардың айтуынша, бір ұлт өкілдерінің әртүрлі діни нанымда болуы ұлттық тұтастықты, тіпті бара-бара елдік тұтастықты сақтауға оразан зор қауіп төндіреді. Дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері, яғни миссионерлер өздерінің нанымдарын таратуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Негізінен заң аясында тіркеліп, жария түрде жұмыс атқарған сияқты көрінгенімен, астарлы түрде көптеген жұмыстарды атқарады.

«Иә, осы мәселеге байланысты дәстүрлі емес діни қозғалыстардың жұмыстарын қадағалап олардың мүшелерінде жүрген қандастарымызды ондай жолдан бет бұрғызу мақсатында қолдан келгенше профилактикалық шараларды өткізіп жатырмыз. Және де елімізде діни ағымдарда адасып жүргендерге көмектесу мақсатында  көптеген оңалту орталықтары жұмыс жасауда», - дейді Нұрислам Оразалыұлы.

Осы орайда Алматы қаласы Дін істері басқармасы жастар мен дін жолына түскен тұрғындармен келіссөздер, сұхбаттар жүргізіп, оң нәтиже алуға тырысатынын айтты. Түрлі кездесулер, сұхбаттар, іс-шаралар, түрлі форматтағы діни отырыстар осы күрестің негізінде ұйымдастырылатын көрінеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар