Қоғам 08.08.2017 сағат 17:55  543

Алматы жастарының діни сауатын арттыруға арналған шаралар көбейіп келеді

Жастар арасындағы діни суаттылықты арттыру мақсатында ағымдағы жылы Алматы қаласында 200 ден аса іс-шара ұйымдастырылған. Мұндай шаралардың көбі жастардың негізгі шоғырланған дерлері саналатын жоғары оқу орындары мен мектептерде өтті. Себебі дәстүрден тыс деструктивті діни ағымдарға ерушілердің 80 пайызы осы жастар екені белгілі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осынау шаралардан бөлек Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша радикалды діни идеологияның таралуын алдын алуға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған 4 бейнефильм әзірленді. Олар «Кері ағымдар», «Дін мен дәстүр», «Сектор хаоса» және «Правда о лжи» деп аталады.

2017 жылдың көктемінде «Алматы» телеарнасында алғаш болып аталған фильмдердің көрсетілімі өтті. Мұнан кейін олар «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мектеп оқушыларына көрсетілген.

Қазіргі уақытта бұл фильмдер ақпараттық түсіндіру бойынша кездесулерде қолданылып келеді және интернет желісі арқылы кеңінен таралуда. 

– Дінге сенуші ортада радикалдандырудың алдын алуға бағытталған 20 дыбыстық-бейне ролик әзірленіп (ҚМДБ жанындағы белгілі теолог мамандар, дінтанушылардың материалдары қамтылған), олардың мазмұнында дінде экстремизмнің діни негіздері жоқ екенін түсіндіру, ағартушылық сипаттаға материалдар қамтылды, - дейді Алматы қаласы Дін істер басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Сондай-ақ, басқарма басшысы театрландырылған қойылымдар арқылы жастар және қоғамның түрлі санатындағы өкілдері арасында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында сәуір айында «Шырмауық» атты қойылым бір аптада Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында 5 рет көрсетіліп, 7 мыңға жуық көрермен қамтылғанын айтты.

Айдар Рахымжанұлының сөзінше, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Өнер қырандары» театрының ұжымы арқылы  қоғамның түрлі санатындағы өкілдері арасында (студент, оқушы жастар, білім беру саласының мамандары, әскери қызметшілер мен қала тұрғындарының қатысуымен) кереғар діни ағымдардың зияндықтарын түсіндіруге бағытталған «Заман-ай» қойылымы 6 рет көрсетіліп, 8 мыңнан астам адамды қамтыған.   

– Сондай-ақ, «Мегаполис жағдайындағы дін атын жамылған экстремизмнің алдын алу» тақырыбында Алматы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияның жұмысына отандық және шетелдік (Ресей, Түркия, Мысыр, Тәжікстан мемлекеттерінен) сарапшы мамандар, дінтанушылар қатысты, - дейді Айдар Рақымжанұлы.

Қалалық діни басқарма жалпы қатысушылар саны 300-ге жуық зиялы қауым, діни конфессиялар, этно-мәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, студент-жастар және бұқаралық ақпараттық құралдардың өкілдері қатысқанын алға тартады.

Ақбота Мұсабекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар