Қоғам 11.09.2017 сағат 10:42  722

ШҚО-да қарақшылар бір отбасын тонап, екі адамды өлтіріп кетті

Шығыс Қазақстан облысында суық қаруланған қарақшылар жеке үйлердің біріне шабуыл жасап, екі адамды өлтірді деп жазады Tengrinews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қылмыскерлер отағасын атып өлтіріп, отбасының өзге мүшелерін байлап тастаған. Сондай-ақ, осы үйге қонаққа келген марқұмның туысы да ауыр жарақат алып, біраз уақыттан соң көз жұмды. Үйден 1 миллион теңгеден астам қаражат ұрланған. Қайғылы оқиға Көкпекті ауылында орын алды.

"Қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні ауылда қарақшылық шабуыл тіркелді. Белгісіз біреулер жеке үйдердің біріне басып кіріп, үй иесін атып өлтірген. Сондай-ақ, оның туысына ауыр жене жарақаттарын салған. Ол ауруханада көз жұмды. Қарақшылар үйде болған екі әйелді байлап тастаған және 1 миллион теңгеден астам қаражатты алып, іздерін суытқан", - дейді ШО ІІД өкілдері.

Шұғыл іздестіру шаралары барысында полицейлер Көкпекті ауданының үш тұрғынын ұстаған. Олар қазір уақытша тергеу абақтысына жабылған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар