Қоғам 12.09.2017 сағат 03:38

Павлодарда апалы-сіңлі қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісі сотта жылап кешірім сұрады

Павлодарда оқушы қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісі екі айға қамауға алынды. 30 жастағы Наталья Пекнич енді сот басталғанға дейін тергеу изоляторында отырады деп мәлімдеді КТК телеарансы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айыпталушы әйелдің өзі сот отырысы кезінде көз жасын тия алған жоқ. Айтуынша, жолды кесіп өтпек болған жеткіншектерді шынымен аңғармаған. 30 жастағы азаматша бұл қызметте бес жылдан бері жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүріпті. Естеріңізге салсақ, апалы-сіңлілі екі оқушыны 7-ші қыркүйекте трамвай таптап кеткен болатын. 10 жасар Махаббат сол жерде көз жұмса, оның сіңлісі жедел ауруханаға жеткізілген. 8 жасар Маралдың хәлі әлі де ауыр. Енді осыған қатысты тергеу біткенше күдікті әйел қамауда отыруы тиіс.

Әсет Сүлейменов, Павлодар қаласы №2 сотының судьясы:

– Орта білімді, кәмелет жасына толмаған бір балалы, бұрын сотталмаған Натаья Пекничге қатысты 2 айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасына санкция берілді. Азаматша Қылмыстық кодектің 345 бабы үшінші тармағы бойынша айыпталып отыр. Соттың бұл шешемін үш күн ішінде бұздыруға шағымдануына болады. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар