Қоғам 13.09.2017 сағат 03:23  936

Құрылысы кеше ғана біткен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолын қайта сүріп, қайта салып жатыр

Пайдалануына берілгеніне небәрі 6 жыл болған Ақтөбе облысындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 40 шақырымы «жарамсыз» болып қалыпты. Енді оны «Қазавтожол ҰК» АҚ-ның жұмысшылары қырып тастап, үстінен қайта жол салмақшы деп хабарлады КТК телеарнасы.

Ал, жұрт ойығы жоқ жаңа жолдың кімге кедергі келтіргеніне түсінбей отыр. Жол салу жұмыстарын бейнекамераға түсіріп алған жергілікті тұрғындар болса мұны қазына қаржысын жымқырудың жолы екенін айтып отыр. Өйткені, қырып тасталған жолды қайта жамауға республикалық қазынадан 700 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. «Қазавтожол» компаниясындағылар әдеттегідей ақталды. Айтуларынша, алты жыл бұрын төселген асфальттың кем-кетігін кез-келген адам көре бермейді екен. 

Руслан Тәжманов, «Қазавтожол ҰК» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының бөлім басшысы:

-Жолдағы ақаулар көзге көрінбейді. Оны біз зертханалық тексеру нәтижесінде анықтадық. Ойықтар пайда болған. Сондықтан жолды дер кезінде жөндемесек, ертең шұрық тесік болады. 

Соңғы жаңалықтар