Қоғам 14.09.2017 сағат 06:40  581

Шортандыда қатты суықтан әйел үсіп қайтыс болды

Ақмола облысында үйсіз әйелдің өлі денесі табылды. Алдын-ала мәліметтер бойынша ол үсіктен қайтыс болған деп хабарлады Sputnik Казахстан тілшілеріне аймақтағы Ішкі істер департаментінің баспасөзқызметі. 

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мекеме мәліметтері бойынша Бурабай АІІД 13 қыркүйек күні таңғы сағат 10.00 Шортанды тұрғыны қоңырау шалды. Ол қираған бес қабатты тұрғын үйден әйелдің денесін тауып алған. Оқиға орнына келген полицейлер тұрғылықты мекен жайы жоқ  47 жасар әйелдің қайтыс болғанын анықтады. 

Алдын ала болжам бойынша әйелді үсік шалған. Мәйіттің денесі сараптама жасау мақсатында мәйітханаға жөнелтілді. 

ТЖД мәліметтері бойынша Ақмола облысында 12 – 13 қыркүйекке қараған түні –3 градусқа дейін үсік болжанған. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар