Қоғам 14.09.2017 сағат 09:46  1193

Қостанайда кісі қолынан қаза тапқан дәрігер өзін тапсырыспен өлтіретінін үш күн бұрын айтып кеткен

Қостанай облысында кісі қолынан қаза тапқан танымал дәрігер Рашида Сандыбаеваның ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін процесте куәгерлер күдікті дәрігер мен Сандыбаеваның арасындағы дау-жанжал жайында айтып берді деп жазады "Наша Газета" басылымы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Айта кетейік, марқұмның өліміне басты күдікті ретінде оның әріптесі, Қостанай облыстық жүйке жүйелер ауруханасы №4 бөлімінің меңгерушісі Зәуреш Изалдина айыпталып отыр. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, ол басшысын тапсырыспен өлтірткен. Ауруханада жұмыс істейтін өзге дәрігерлер де екеуінің арасы тым өршіп кеткенін сот отырысында айтты.

"Рашида Қожахметова өзі жұмыс істеп тұрғанда Зәуреш Изалдинаны басшылық қызметке ешқашан жібермейтінін айтатын. Өйткені, оны білікті маман деп есептемейтін. Бұл тұрғыда ол Изалдинаны қызметін асыра пайдаланады, жұмысшылармен қатынаста субординация сақтамайды, науқастардың туыстарымен дөрекі сөйлеседі деп айыптайтын. Кезінде Зәуреш Қуанышқызы бас дәрігердің орынбасарлығы лауазымынан бөлім меңгерушісі болып қызметін аусытырғанда "мен Сандыбаева мен Қойшиннен кегімді аламын" деп уәде берген болатын", - дейді марқұмның әріптесі, әрі құрбысы Галина Ислямова.

Өлерінен сәл алдын Рашида Сандыбаева құрбысына Изалдинаның былықтарын әшкерелейтін айғақтар жиналған папканы көрсеткен. Онда қолдан жасалған еңбек кітапшасы мен осыдан бірнеше жыл бұрын газетте жарық көрген мақаланың қиындысы болыпты. Мақалада аурухана дәрігерінің науқасты алдап соғып, оның пәтерін сатып жібергені туралы жазылған.

Пәтерге байланысты жасалған қылмысты полицейлер енді біліп, оған байланысты бөлек іс қозғағаны анықталды. Арада 10 жыл өтсе де бұл оқиға тасада қалып келіпті. Белгілі болғандай, Изалдина ІІМ зейнеткерін алдап, оның пәтерін өз сіңлісінің атына жаздырып алған.

Галина Ислямованың айтуынша, өлерінен 3 күн бұрын ол өз өлімінің қайдан келерін әзілдеген сыңайда айтып кеткен көрінеді.

"Мен өз өліміммен өлмейтінім анық. Егер мені біреу тапсырыспен өлтірсе, онда Зәуреш Изалдинадан көріңдер", - депті ол.

Айта кетейік, аталған іс бойынша 4 адам сотталып жатыр. Негізгі күдікті - Зәуреш Изалдина. Ол өзі емдеген науқас 26 дастағы Болат Китебаевты адам өлтіруге көндірген. Сыйақы ретінде 20 мың доллар беретінін айтыпты. Китебаев болса өзімен бірге 20 және 40 дастағы екі адамды ертіп алған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар