Қоғам 19.09.2017 сағат 03:21  488

Шымкентте қаланың қақ ортасында 3 жасар бала тоққа түсіп қалды

Шымкенттің орталық алаңында үш жасар Ринат Әуелтай тоққа түсіп, өлім аузынан қалды деп мәлімдеді "31 телеарна". ОҚО ауылдарының бірінен қалаға қыдырып келген сәби енді бір қолынан айрылуы мүмкін.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиға Ордабасы алаңында орын алыпты. 6 баланың анасы Жанат Азимова кенжесін ертіп, "Жер Ана" монументіне келген. 3 жасар сәби өсіп тұрған гүлдерді жұлмақ болғанда оның қолы жалаңаштанған электр сымына тиіп, баланы ұшырып түсіріпті. Абырой болғанда, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алды. Тек қолының күйігі соңғы 4-ші дәрежелі дейді. Енді сол қолды сақтап қалу үшін ақ халаттылар қазір барын салып жатыр.

Енді сәбидің анасы қалалық тұрғынүй коммуналды шаруашылығы бөлімін сотқа беремін деп отыр. Өйткені, электр сымының сырты оралуы тиіс. Сондай-ақ, ол бала қолы жетпейтін жерде болуы керек. Дегенмен, әкімдіктегілер бар кінә баласына қарамаған ананың өзінде деп, жауапкершіліктен бастарын аып қашуда.

"Нысан осыдан 5-6 жыл пайдалануға берілген. Бәлкім ішінде бір сым жалаңаштанған болар. Бірақ, ана деген баласына қарауы тиіс қой. Бала болған соң ол қолын әр жерге бір салуы мүмкін", - дейді Шымкент қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар