Қоғам 19.09.2017 сағат 03:50

ОҚО-да басқарма басшысының орынбасары пара алу кезінде қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Сатжан Полатов пара алып жатқан кезде қолға түсті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ОҚО филиалының өкілдері хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Полатовпен бірге осы басқарманың аудандық бөлімдерін басқаратын М.Қарақұлов пен А.Махатай да қолға түскен. Олар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру аясында жұмыссыз азаматтарды кәсіби дайындау және қайта дайындау бойынша мемлекеттік сату келісімдерін жасау үшін заңды тұлғалардан бопсалау жолымен үздіксіз пара алып келген.

Қылмыстық топ 2016-2017 жылдар аралығында қызмет жүргізген. Олар жасалған келісімнің сомасына қарай 20%-ынан 30%-ына дейін, яғни 3 миллионнан 20 миллионға дейін пара алып отырғандығы анықталды.

Күдіктілер 15 қыркүйек күні қолға түскен. Үшеуі 6,4 миллион теңгені пара ретінде алып жатқан сәтте ұсталды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар