Қоғам 19.09.2017 сағат 04:51

Алматыда Range Rover мен түйе соқтығысып, 5 адам қайтыс болды

Алматы облысының жабық трассасында орын алған жол көлік оқиғасынан бес бірдей адам қайтыс болды деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ірі жол апаты "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының Панфилов ауданындағы бөлігінде 19 қыркүйекке қараған түні орын алған. Полицейлердің мәліметінше, 43 жастағы әйел тізгіндеген Range Rover жол талғамайтын көлігі Айдарлы ауылына жақын маңда түйені соғып, салдарынан аударылып қалған. Оқиға орнында жүргізуші әйелдің өзі мен үш жолаушысы қайтыс болса, тағы бір адам ауруханада көз жұмды. Ауыр соққыдан түйе де өлген. Тәртіп сақшылары қазір оның иесін іздеп жатыр.

Ішкі істер департаментінің мәліметінше, апат болған жол бөлігінің құрылысы әлі аяқталмаған, сондықтан ол жерде көлікпен жүруге тыйым салынған екен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар