Қоғам 20.09.2017 сағат 03:04

Астана іргесіндегі жерлерді заңсыз сатқан 24 шенеуніктің соты басталды

Ақмоланың атқамінерлері топтасып алаяқтықпен айналысқан! Көкшетау соты жер саудасын майшелпекке айналдырған 24 бірдей шенеуніктің ісін қарауды бастады. Процесс ұзаққа созылуы мүмкін. Өйткені, қылмыстық істің өзі 391 том деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Былық 2013-2014-ші жылдары Целиноград ауданында болған. Мұндағы атқамінерлерлер Астана маңындағы жерлердің актісін қолдан жасап, аңғал жұртқа сатыпты. Әзірге, осындай жолмен 300-дей адамның алданғаны белгілі. Олардың барлығы алаяқтардан алған жерді, зар жылап мемлекетке қайтаруға мәжбүр болған. Ал айыпталушы орындығындағы 24 адамның 8-і сотқа үйінен қатынап жүр. Өйткені, қолхатпен босатылған. Қалған 16-сы үкімді тергеу абақтысында күтіп жатыр. Олар - аудандық жер қатынастары , сәулет және құрылыс бөлімдерінің, әділет басқармасының, халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары мен мамандары. Арасында Қосшы ауылының бұрынғы әкімі де бар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар