Қоғам 21.09.2017 сағат 04:57  527

Қарағандыдағы мектептердің бірінде ата-аналар балаларын мектепте түгел жібермей қойды

Қарағандыда №50 мектептің 4"Б" сынып оқушылары бір баладан басқа ешқайсысы сабаққа бармаған. Ата-аналар келесі дүйсенбіге дейін мектепке бойкот жариялады деп жазады sputniknews.kz тілшілері жергілікті басылымдарға сілтеме жасап.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Төртінші сынып оқушыларының бірі сабаққа кедергі келтіріп, сыныптастарын ұрып-соқса да, жазаланбайды екен. Ата-аналардың пікірінше, баланың есі дұрыс емес, ал құжаттарында дені сау деп көрсетілген.

Ата-аналар мұндай балаға психоневрологиялық диспансерден дені сау деген анықтаманың берілгеніне аң-таң. Тіпті мектеп психологы да баланы өзге оқушылардан оқшаулап оқыту керек дейді.

Ата-аналар жиналысында әлгі оқушы мектептен шығарылмайынша, балаларды сабаққа жібермеуге шешім қабылданды.

"Бұзық" бала анасымен бірге тұрады, әкесі жоқ. Анасы ұлын үнемі сабайды екен. Оқушылардың ата-аналары бала ашуын сыныптастарынан алады деп санайды.

Соған қарамастан, мектеп те, полиция да, қалалық білім беру бөлімі де, қамқоршылық органдары да бұл мәселені шешуге қауқарсыз, олар заң бойынша ешқандай шара қолдана алмаймыз дейді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар