Қоғам 21.09.2017 сағат 09:25  1066

Астана тұрғындарын жылыту үшін 3 млн тонна көмір қажет

Қалалық әкімдікте астананы қатты отынмен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды астаналық әкімдіктің медиаорталығы.

Қалалық кәсіпкерлік басқармасының өнеркәсіптік дамыту бөлімінің басшысы Азамат Рашитов өзінің Астана әкімдігінің медиа орталығына берген сұхбатында Астананы қысқы уақытта жылыту үшін 3 млн. тоннадан артық  көмір қажет деп хабарлайды.  Сұхбаткердің пікірінше, деректер өткен жылдағы есептер негізінде шығарылған. Осылайша, 2016 жылы астана 3 млн. 200 мың. тонна көмір пайдаланған. 

«Бұл көлемді негізінен ЖЭО, ірі және шағын кәсіпорындар тұтынды.  Осы жалпы көлемнің 20%  халық тұтынды», – деп түсіндірді А. Рашитов.

Қазіргі кезде, энергетика басқармасының хабарламасы бойынша станцияларда нормативтік 20 тәуліктік отын қоры құрылды. Бұл ретте  «Астана-Энергия» АҚ көмір қоры  351 806 тоннаға тең, соның ішінде ЖЭО-да  -1 – 36 766 тонна, ЖЭО-2 – 315 040 тонна. Алдағы жылу маусымына қатты отынды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін, астаналық кәсіпкерлік басқармасы барлық ірі кен орындарына астананың қажеттіліктері туралы ақпаратпен хат жіберді. 

Көмірді халыққа бөлшектеп өткізумен шамамен 30 ірі және шағын кәсіпорынлар айналысады. Қала бойынша отынның орташа бағасы кен орнына байланысты  11 500 теңгені құрайды. 

Бұрын барлық мұқтаж жандарға көмірді сатып алуға астаналық билік көмектеседі деп хабарланған болатын. Қатты отынды сатып алуға көмек  3 ең төменгі күн көріс мөлшерінен аспайтын (шамамен 73 мың теңге) кірісі болғанда пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге және мүгедек-балаларға көрсетіледі. 

Зейнеткерлерден, сондай-ақ халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан өтініштер мына мекенжай бойынша 15 қазаннан бастап қабылдана бастайды: Достық,13. Өтемақы  жылыту маусымына 8 АЕК (шамамен 18 мың. теңге) мөлшерінде жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар