Қоғам 26.09.2017 сағат 03:58  863

ОҚО-да 4,2 млрд теңгеге тартылған су құбыры жарамсыз болып шықты

Оңтүстік Қазақстандағы Леңгір қаласына жаңа су құбырын жүргізгелі жергілікті халық ауыз сусыз қалған. 4 миллиард 200 миллион теңгеге тартылып, екі жыл бұрын ғана қолданысқа берілген магистраль енді жұрттың сорын қайнатып жатыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Не ішетін, не әжетіне жарататын суы жоқ қараша халық тіршілік нәрін дүкеннен сатып алуға мәжбүр. 30 мың халқы бар Леңгірді 2 жыл бұрын жаңа құбырға қосқаннан бері осындай жағдайға тап болған. Себебі, жаңа су жүйесін тартқан «Шымкентгазмонтаж» мекемесі жұмысқа атүсті қарап, тіпті құбырларды жалғамай кете берген. Одан бөлек күніге бірнеше жерінен жарылады екен. Енді қыруар миллардтарға жасалған құбырдан пайда болмай, су далаға кетіп жатыр. Ал, жасалған жұмысына 5 жыл кепілдік берген мекеме бүлінгенді жөндеудің орнына, тіпті мойын да бұрмайды екен. Билік болса жұртты  қирап жатқан жаңа желіден ажыратып, ескі құбырға қайта қосқан. Бірақ, бұл шешім мәселені шешпек түгілі тіпті қиындатып отыр.

Ғалымжан Төлепов, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары:

- Біз қазір ескі су құбырынан су беруге мәжбүрміз. Бірақ, Денсаулық сақтау басқармасының бұл ескі құбырдың суының жарамсыздығы туралы өкімі бар. Және ол құбырды пайдалануға болмайды деген қағаз бар. Бірақ, амал жоқ халыққа содан су берудеміз.  

Соңғы жаңалықтар