Қоғам 28.09.2017 сағат 06:40  2628

Журналистер арасында «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты байқау жарияланды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы ашық конкурс жариялайды.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

– «Үздік телевизиялық материал» (жаңалық бейнесюжеті, телеочерк, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір білдіру, деректі фильм);

– «Үздік радиоматериал» (радиобағдарлама, радиошолу, радиоочерк, радиоқойылым, талдамалық шолу, сұхбат);

– «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» (мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат);

– «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым» (ақпараттық хабарлама, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат, шолу, эссе, очерк, рецензия).

Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

- қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі «Назарбаев моделін», Елбасыныңидеялары мен бастамаларын дәріптеу;

- еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерінақпараттық-имидждік тұрғыда жария ету;

- баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдандамытуы мен кәсіби өсуі үшін  моральдық және материалдық ынталандыру;

- журналистік қоғамдастықта келешегі бар жаңа есімдерді анықтау;

- Елбасы кітапханасының мұрағат, кітапхана және экспозиция қорындағы материалдарды медиа айналымға енгізу болып табылады.

 Конкурстың сыйақы қоры 6 800 000 теңгені құрайды және номинациялар бойынша төмендегідей бөлінеді:

«Үздік телевизиялық материал»

1 орын –1 000 000 теңге;

2 орын –500 000 теңге;

3 орын – 200 000 теңге.

«Үздік радиоматериал»

1 орын –1 000 000 теңге;

2 орын –500 000 теңге;

3 орын –200 000 теңге.

«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»

1 орын –1 000 000 теңге;

2 орын –500 000 теңге;

3 орын –200 000 теңге.

«Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым»

1 орын –1000 000 теңге;

2 орын –500 000 теңге;

3 орын –200 000 теңге.

Конкурсқа 2017 жылғы 1 қаңтар мен 10 қазан аралығында ресми жарияланған (жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2017 жылғы 1 маусым мен 10 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртібімен немесе пошта арқылы мына мекен-жайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10, 213 каб., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 75 12 15, 8701 355 13 63 WhatsApp).

Конкурсқа қатысу үшін Қосымшаға сәйкес рәсімделген өтінім-сауалнама және конкурстық жұмыс негіздеме болып табылады. Сондай-ақ, жұмыс орнынан БАҚ басшысы растаған анықтама талап етіледі.

Конкурсқа 50 жасқа дейінгі жеке және ұжымдық авторлар қатыса алады. Жеке немесе ұжымдық автор тек бір номинация бойынша қатысуға құқылы. Конкурсқа бір автордан (авторлар ұжымынан) тек 3 жұмыс қабылданады. Соның ішінде бір тақырыппен біріктірілген материалдар циклын ұсынуға болады.

Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.

Конкурс өтінімдері 2017 жылғы 1 маусым мен 10 қазанға дейін қабылданады. Конкурстық жұмыстарды іріктеу және қорытындылау 2017 жылғы 25 қарашаға дейін өткізіледі. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2017 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар