Қоғам 05.09.2017 сағат 11:21  1385

Таразда «Зерде» рухани дамыту орталығы ашылды

Биыл сәуір айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани» жаңғыру атты мақаласы жарияланғаннан бері Қазақстанның әр облысында қоғамның санасын жаңғыртуға бағытталған түрлі жобалар жүзеге асуда. Сондай ауқымды жобалардың бірі күні кеше Тараз қаласында іске қосылды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атап айтар болсақ, Жамбыл политехникалық колледжінің базасында «Зерде» рухани дамыту орталығы ашылып отыр. Аталған орталық жастардың рухани азық алуына жұмыс істейтін болады.

Орталықтың негізгі мақсаты – жастар арасында қазақстандық патриотизмді дамыту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, жаңғыру жолында нақты мақсатқа жету үшін, білімді, саналы болуға, ұлттық кодымызды сақтай білуге тәрбиелеу.

Орталықтың ашылуына облыстық Ішкі саясат және Білім басқармалары мұрындық болып отыр. Ал, Политехникалық колледж басшылығы болса мұндай орталықтың жұмысын жандандырып, ауқымын кеңейтетіндерін айтты.

«Тарихи өлкетану, мәдени өлкетану міндетті курстарды осы орталықта жүргізіледі. Тараз қаласының тарихи-мәдени ескерткіштері туралы білім беріледі. Жастар болашақ мамандар өлкетану жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алады», - Жамбыл политехникалық колледжінің директоры Жанар Орынбаева.

Сондай-ақ, орталықтың ашылуына орай «Туған Жер» бағдарламасы бойынша колледж оқытушыларының жұмыстары таныстырылды. Студент жастарға туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертетіні жете түсіндірілді.

«Президенттің өзі бастаған осынау бағдарламаға біз де өз үлесімізді қосамыз. Туған жеріміздің тарихын зерттеп, рухани жаңғыруға атсалысамыз. Елбасымыз бізге, яғни жастарға үлкен үміт артып отқанын ескерсек, орталықтағы жұмыстарымызды дәл бүгіннен бастауға бел шеше кірісіп отырмыз», - дейді колледждің студенті Ақбота Зұлмахан.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жастарға ерекше тоқталған. Қоғамдық сананы жаңғыртуды ең алдымен жастардан бастау керек дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Өйткені, өскелең ұрпақ қай бағытқа қарай жүрсе, мемлекеттің де болашағы солай қарай дамитын болады. Сондықтан да, елімізде дәл осы Таразда ашылған жастар орталығындай ұйымдар көптеп ашылмақ.

Сонымен қатар, аталған мақаладағы басым бағыттардың бірі – «Туған жер» бағдарламасы аясында да жастардың белсенділігін көтеру қарастырылған. Яғни, дарынды ұрпақтың білімін ауыл-аймақты көркейтуге, ауыл халқының әлеуетін арттыруға жұмсайтын боламыз.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар