Қоғам 19.09.2017 сағат 12:56  855

«Қазақстан студенттерінің альянсы» жамбылдық жастарға тегін ақыл-кеңес берді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланған 5 айдан астам уақытта елімізде қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған көптеген іс-шара өтті. Мақаладағы 6 басым бағытты әркім өз мүмкіндігінше жүзеге асыруда. Батсы мақсат – «Рухани жаңғыру» идеясының жүзеге асуына атсалысу.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәселен, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында әрбір облыс ел өркендеуіне үлес қосқан тұлғалардың тізімін әзірлесе, «Қазақстанның киелі жерлерінің картасы» жобасы аясында тарих пен руханиятты және ішкі туризмді жаңғырту көзделіп отыр.

Ал, «Туған жер» бағдарламасы ауыл-аймақты дамытуға негізделген. Бұл жоба аясында бүгінде елге танымал азаматтар өз ауылдарына барып, жергілікті тұрғындардың игілі үшін бірқатар шаруаларды атқаруда. Бірі мектеп-балабақша салса, өзгелері жол жөндеп, көгалдандырумен де айналысып жатыр.

Осы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазақстан студенттерінің альянсы» Жамбыл облысына келіп, ауыл жастарына тегін ақыл-кеңестерін айтып, көкейдегі сауалдарына жауап берді. «Болашаққа бағдар» деп аталатын алдымен Жамбыл ауданында болды.

Жергілікті тұрғындармен болған жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ұлттық сананы жаңаша қалыптастыру, басқа елдердің озық тәжірибиесі мен жетістіктерін бойға сіңіру жайы айтылды. Бұдан соң, автокеруеннің құрамындағы түрлі сала мамандары шалғай ауылдан келген тұрғындармен кездесіп, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Қатысушылардың басым көпшілігін жұмыссыздық мәселесі толғандырса, кейбірі тұрғын үй сатып алу жайы бойынша сұрақтар қойды. Сондай-ақ, іс-шара барысында  «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Бизнестің жол картасы» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың талаптары көрсетілген  ақпараттық-әдістемелік парақшалар таратылды. Кеңес беру алаңына қатысқан жастар мұндай іс-шаралардың көбірек ұйымдастырылса, деген  тілегін жеткізді.

 «Бүгін ауданымызда осы кеңес беру алаңы көптеген жастардың қарасы көрінді. Жастарға мемлекеттің қолдауы, мемлекеттік бағдарламалары өте ауқымды қолданылып жатыр. Сонымен қатар, осындай іс-шаралар ауданда көптеп ұйымдастырылса деген ұсынысым бар», - дейді Жамбыл ауданының жас тұрғыны Эльмира Түрікменова.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жастар мәселесіне көп назар аударған. Қоғамдық сананы жаңғыртуды ең алдымен өскелең ұрпақтан бастау керек деген Елбасы болашақта қазақ жастарының үш тілде еркін сөйлеп, ғылым мен технологияның тілін еркін меңгеруі керектігін жазып қалдырды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар