Қоғам 28.09.2017 сағат 14:19  578

Алматыда жыл соңына дейін 500 жаңа автобус айналымға енеді (ФОТО)

Алматыда тозығы жеткен ескі автобустар айналымнан шшығып, олардың орнын су жаңа қоғамдық көліктер басады. Жыл соңына дейін мұндай автобустардың 500 данасы жолға шығады деп жоспарлануда.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мәлімдеді.

«Әлем елдерінің көбінде жолаушылар тасымалы мемлекет тарапынан субсидияланады. Біз бұл процесті енді бастадық. Қазір 12 бағыт бойынша жүретін автобустарды субсидиялап жатырмыз. Мәслихаттың келесі сессиясында тағы 32 бағыт бойынша жүретін автобустарға субсидия бөлуді сұраймыз. Сөйтіп, жыл соңына дейін 44 бағытты субсидиялаймыз. Бұл бағыттарды тек жаңа автобусы бар компанияларға ғана береміз. Жаңа автобустарды бүгінде «Алматыэлектротранс» (297 автобус), Green Bus Company (50), «Авто Алма-Транс» (100), «Мадина» (28), «БаТу travel компаниясы» (30) және «Самат Транс» (14) компаниялары сатып алмақшы», - деді басқарма басшысы М.Исахов.

«Авто Алма-Трасн» жолаушы тасымалдаушы компаниясының басшылары жаңа автобустарын ең алдымен 65-бағытқа қоятындарын айтып отыр.

«Қазан айының соңында 26 автобус әкелеміз, олардың барлығы 65-бағытта қызмет көрсететін болады. Қалған 74 автоббусты желтоқсан айында сатып алмақпыз. Жалпы, биыл 100 автобус сатып алу жоспарда бар», - дейді аталған компанияның аға диспетчері Кәмшат Мәлібекова.

Ал, «Мадина» компаниясы сатып алатын автобустарда ауа салқындатқышы болмайды.

«Біз ұзындығы 12 метр болатын едені пәс 28 дана Yutong автобустарын сатып алып жатырмыз. Олардың барлығында мүгедектердің қоларбасына арналған траптар бар және жүргенде өте жұмсақ жүреді. Біз оларды №128 және №72 бағыттарға қоямыз. Автобустар жаңа жылға дейін келу керек. Кондиционер жоқ, бірақ үш люк пен терезелері ашылады. Кондиционерден басқасының бәрі бар», - дейді «Мадина» автокомпаниясының директоры Бекежан Тыныштықбай.

Ал, Green Bus Company басшылары жыл соңына дейін 50 автобус сатып алатындарын айтып отыр.

«Жаңа автобустар қазан айында келеді. Біз оларды қала іргесіне қатынайтын №50, 112 және 126 бағыттарға қоямыз. Салқындатқыштары жоқ, өйткені олар қаланың шетіне қатынайтын автобустар. Яғни, жаман жолдармен жүреді. Барлығы да Yutong маркалы автобустар, Алматының түсіне лайықтап жасылға боятамыз», - дейді компанияның Алматыдағы филиалын басқарып отырған Бауыржан Кулишев.

Бұған дейін Мақсұт Исахов қала бюджеті есебінен 11,5 млрд теңгеге 300 автобустың сатып алынатынын айтқан болатын. Бүгінде «Алматыэлектротранс» ЖШС муниципалды автопаркіне олардың 15-і берілген.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар