Қоғам 04.10.2017 сағат 05:47  865

Астана әкімдігі иттерге екпе егу үшін бюджеттен 22 млн теңге бөлді

Қайтарымсыз тегін вакцинаны 1 қыркүйекке дейін «Византия» ветеринарлық клиникасынан алуға болады. Бүгінге дейін 1 мыңнан астам жануарға екпе егілген, тағы 4 мыңға жуық ит пен мысыққа егіледі деп күтілуде.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мамандардың айтуынша, құтыру вирусын негізінен атжалмандар мен түлкілер таратады екен. Ал, екпені уақытылы жасаса үй жануарларына бұл дерттен қауіп жоқ.

«Астана Ветсервис» ЖШС ветеринария бөлімінің басшысы Ерлан Жекебаевтың айтуынша, құтырмаға қарсы ұдайы әрі тұрақты иммундау аталған кеселдің алдын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір шара.

«Жануарларға адамгершілікпен қарау мақсатында әкімдікпен жануарларды зарарсыздандыруға қаржы бөлінді. Кез келген адам жануарларын тегін ектіре алады. Қазір Белорусияда шығарылған «Берлап» дәрісі пайдаланылады», - дейді Е.Жекебаев.

Айта кетерлігі, акция жануарларды зарарсыздандыруды да көздеп отыр. «Астана Ветсервис» ЖШС директорының Бибол Бегалинның айтуынша, бұл қаңғыбас иттердің көбеюіне тосқауыл қою үшін жасалады.

«Сенбі күнге дейін 1 020 жануар залалсыздандырылды. Бұл бақылаусыз әрі қаңғыбас иттердің көбеюіне тосқауыл қою үшін жасалуда. Ал аулауға қатысты айтар болсақ, көрсеткіштің төмендегені байқалады. Алғашқы жылдары 15 000 ит ауласақ, өткен жылы 9 610 итті ұстадық. Ағымдағы жылы ауланған жануарлардың саны 5 670 құрады», - деді Б.Бегалин.

Аталған қызметті пайдалану үшін жануардың иесі ит пен мысықты тіркеп, зарарсыздандыратын «Астана Ветсервис» ветиринарлық мекемесіне баруы керек. Акция 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар