Қоғам 05.10.2017 сағат 05:58  741

ОҚО-да ел-жұртқа қарыз болған әйел өзін ұрлады деп, күйеуінен 3 млн теңге талап еткен

Оңтүстік Қазақстан облысының кеньау қаласында таныстарына миллиондап қарыз болған әйел өзін ұрлады деп, күйеуінен 3 миллион теңге талап еткен. Тексеру барысында полицейлер аталған әйелді Тараз қаласындағы қонақ үйлердің бірінде демалып жатқан жерінен ұстады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ішкі істер органдарына Кентау қаласының 1978 жылғы тұрғыны арызданып келген. Ол белгісіз біреулердің өз әйелін ұрлап кеткенін, босату үшін 3 миллион теңге талап етіп отырғанын айтыпты. Күдіктілер ақшаны SMS-хабарлама арқылы сұратқан екен. Бермеген жағдайда әйелді өлтіреміз деп қорқытқан.

Аталған хабарламаны тексере келе полицейлер "күдіктілердің" ізіне түсті. Анықталғандай, хабарламаны ер адамға әйелінің өзі жазып отырған екен. Оны кентаулық тәртіп сақшылары Тараз қаласындағы қонақ үйлердің бірінен ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, әйел өз таныстарын қаржы пирамидасына кіргіземін деп, ірі көлемде ақша жинаған. Алайда, жиналған ақшаны ол ешқандай пирамидаға салмай, жеке басының қажеттілігі үшін жұмсапты. Ал, жұрт ақшасын қайтаруды талап еткенде күйеуінен ақша бопсаламақ болған.

Енді бұл қылмысы үшін ұсталған әйел 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Сондай-ақ, таныстарынан алған қарыздарын да қайтаруға тура келеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар