Қоғам   06.10.2017   сағат   03:21     742

Санитарлық авиация көмегіне зәру болған түркістандық келіншекке Алматыдан арнайы мамандар барды

Бұған дейін бортында екі дәрігер бар АН-28 ұшағы құлаған соң, Шымкентте жатқан Мереке Қозкеноваға екінші рейспен санавиация келмейді делінген еді. Әуедегі емес, жердегі көлікпен жеткен алматылық мамандар хәлі мүшкіл келіншекті жан-жақты тексеруде деп хабарлады КТК телеарнасы.

Санитарлық авиация көмегіне зәру болған түркістандық келіншекке Алматыдан арнайы мамандар барды

Кеше кейбір дерек көздері Мереке Қозкенованың 6-шы баласын туған соң хәлі күрт нашарлағанын айтып, тіпті акушерлердің кесірінен ананың жатырында баланың жолдасы қалып қойды деп хабарлаған. Алайда, күнгейлік дәрігерлер мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Яғни бірнеше жылдан бері гепатиті бар келіншек бала туудың қауіпті екенін біле тұра тәуекелге өзі барыпты. Босанған соң сырқаты дендеп, онысы бауыр циррозына ұласқан. Ал әкесімен бірге қалған нәрестенің жағдайы жақсы деп отыр дәрігерлер.

Инна Глазебная, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- 30 жастағы түркістандық келіншектің жатырында баланың жолдасы қалып қойды деген бос сөз. Ол босанған соң оншақты күн үйінде жатты. Әйелдерде көбіне жүктіліктен соң ауруы асқындайды. Содан жағдайы нашарлай бастағаннан кейін дәрігерлер ауруханаға жатқызған. Әйтпесе бірнеше жылдан бері гепатиті бар әйел ретінде есепте тұрады. 

Соңғы жаңалықтар