Қоғам 06.10.2017 сағат 03:39  1465

Павлодар облысында көмір бағасы күрт қымбаттап кетті

Ертіс өңірінде биыл көмір бағасы шарықтап тұр. Павлодар облысында отандық көмірдің 60 пайызы өндіріледі. Соған қарамастан, бағасы 10 мыңнан 16 мыңға дейін қымбаттап кетті деп хабарлады Хабар телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазір тұтынушылар арасында Майкөбе, Қаражыра, Шұбаркөл кен орындарында шығарылатын көмір түрлері жоғары сұранысқа ие. Жалпы облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекендерге көмір тасымалдау қиындап кеткен. Себебі өңірде көмір сақталатын негізгі екі базарға бұл отын аз көлемде әкелінеді екен.

Айта кетейік, әлемдегі ең ірі «Богатырь» кен орны жыл басынан бері қазақстандық тұтынушылар үшін 29 миллион тонна отын өндірген. Бұл былтырғы жылға қарағанда 22 пайызға артық. Дегенмен, көмір қымбат. Неге? Әзірге жауапты сала мамандары оны түсіндіруден қашқақтайды.

Еркін Бастемиев, ауыл тұрғыны:

- Көмір тасымалданбай қойды. Тоннасы 12 мың теңгеден сатылуда. Былтыр осы кезде әлдеқайда арзан болатын. Биыл жеткілікті көлемде сатып алуға мүмкіндік болмады. Тым қымбат болса, үйімізді отын жағып жылытамыз.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар