Қоғам 06.10.2017 сағат 19:06  1468

Елімізде жанармай тапшылығы өршіп барады

Астана мен Алматыда ғана емес, бензин тапшылығы еліміздің барлық аймағында ушығып тұр. Жүргізушілер бірнеше апта бойы жанармай іздеп, сабылып жүргеніне қарамастан, үкімет әлі нақты шара қабылдаған жоқ. Ал бас қаладағы ұлттық оператор «ҚазМұнайГаз» бекеттері бензинді әлі тек талонмен сатып жатыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Сондықтан астаналық көлік жүргізушілер бүгін де бензин таппай сабылып жүр. Жанармай құю бекеттері талоны жоқ темір тұлпарларды жолатпайды.  Елордадағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің құны  150-154 теңге деп тұр. Алматыда да баға осы жобалас. Оңтүстік астанадағы жүргізушілер де жанармай жоқ деп шулап  жүр. Ал Атырау облысында жанармай тапшылығы аса байқалмағанымен, бағалары әртүрлі - 146 мен 150 теңге. Бірақ, кейбір ұсақ бекеттерде АИ-92 жоқ. Ресейлік АИ-92 көпшілігінде жоқ. 

Соңғы жаңалықтар