Қоғам 06.10.2017 сағат 19:15  818

Қостанай облысында 2 апта бұрын жоғалып кеткен жас әйел әлі табылған жоқ

Еріктілер, кәмелетке толмаған екі баланың анасы, екі апта бұрын жоғалған Виктория Курочкинаны іздеу шараларына қатысады, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Еріктілер Қашар елді мекенінің полиция бөлімшесінің ғимараты алдында 7 қазан күні сағат 08:30 жиналатын болып белгіленді. 

Рудный ІІБ криминалды полиция бөлімінің басшысы Олжас Сүлейменовтің айтуынша, күн сайын 32 жасар Виктория Курочкинаны іздеу шараларына 140 полиция қызметкері, ТЖ, Өрт сөндіру қызметі, жергілікті білім беру бөлімінің мамандары қатысады. Сонымен қатар, жоғалған әйелді іздеу шараларына Рудный политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері, ҚР ІІМ оқу орталығы мен академиясының тыңдаушылары көмек қолын созды.  

Полицейлер еріктілерді іздеу шараларын жүргізу ережелерін және іздеу бағыттарын түсіндіруге әзір екенін атап өтті.

Дереккөз: sputniknews.kz

Соңғы жаңалықтар