Қоғам 09.10.2017 сағат 06:20  912

Алматыда 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды

Алматыда 18 жастағы бойжеткен Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды. Tengrinews.kz порталының мәліметінше, ұсталған азамат Алматы облысы Талғар ауданының 1984 жылғы тұрғыны.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Криминалды полиция қызметкерлері Медеу аудандық ІІБ өкілдерімен бірлесе жүргізген шұғыл іздеу жұмыстары өз нәтижесін берген. Мамандар қыздың мәйіті табылған күннен бастап күдіктінің ізіне түскендерін айтып отыр. Толықтай айғақтар жиналған соң оны ұстапты. Қазір такси жүргізушісі уақытша қамау абақтысында.

"Ол жеке такси жүргізушісі. Сол күні қызды зорлап, артынан өлтіріп тастаған. Қылмыстың ізін жасыру үшін мәйітті моланың маңына жасырып кетіпті. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті қамауда, қылмысты толықтай мойындады", - дейді Алматы қалалық ІІД Криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиядин.

Еске салайық, 18 жастағы Назерке Әріп биыл 10 шілде күні Талғар ауданының Тұздыбастау ауылынан жоғалып кеткен болатын. Ол биыл мектепті бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл жинаған және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетке түсуді жоспарлапты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар