Қоғам   09.10.2017   сағат   09:51     1072

Апатқа ұшыраған алматылық дәрігерлерден көмек күткен 6 баланың анасы Шымкентте көз жұмды

Алматы түбінде апатқа ұшыраған дәрігерлерді күткен оңтүстікқазақстандық науқас әйел ақыры қайтыс болды. Бұл туралы Облыстық клинкалық аурухананың жансақтау бөлімін басқарып отқан дәрігер Вячеслав Цай мәлімдеді. Марқұмның артында 6 баласы қалды.

Апатқа ұшыраған алматылық дәрігерлерден көмек күткен 6 баланың анасы Шымкентте көз жұмды

Дәрігерлер бұған дейін хабарлағандай, әйелдің бір емес бірнеше ауыр дерті болған. Олардың қатарында гепатит Б, гепатит Д, бауыр ауруы, сепсис және метродометрит секілді індеттер бар. Облыстық ауруханаға ауыр халде жеткізілгеннен кейін дәрігерлер оның жатырын операциямен алып тастапты. Алайда, бұл шара оны аман алып қалуға көмегін тигізбеді.

"Әйел 3 деңгейлі комада болған, миы іскен. Ол 8 қазан күні сағат 10:30-да қайтыс болды", - деді Вячеслав Цой. Оның айтуынша, науқасқа соңғы күндері Алматыдан келген дәрігерлер қараған.

Еске салайық, алтыншы сәбиін босанған ананың денсаулығы күрт нашарлаған соң 3 қазан күні Алматыдан Шымкентке дәрігерлер ұшып шыққан болатын. Алайда, жолда ұшақтан ақау шығып, шағын ұшақ апатқа ұшырады. Салонда болған 5 адамның барлығы көз жұмған. Олардың қатарында екі пилот пен екі дәрігер және бір медперсонал болған.

Соңғы жаңалықтар