Қоғам 10.10.2017 сағат 03:20  652

Елімізде азық-түлік, жанармаймен бірге жалдамалы пәтерлердің де құны қымбаттады

Әсіресе, бағаның шарықтауы Астана мен Тараз қалаларында қатты байқалған. Мәселен, елордаданың ең қымбат сол жағалауында бір бөлмелі пәтер үшін айына 340 мың теңге сұрап тұр деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жазда туристер мен ЭКСПО-ны көруге келгендер есебінен пәтерге сұраныс көп болса, қыркүйекте бағаның бұлай шарықтауы немен байланысты екені түсініксіз. Жалпы, өткен жылмен салыстырғанда пәтер жалдау Таразда 11, Астанада 5 пайызға дейін өсіпті. Ал, Алматы қаласында жалға берілетін пәтер ақысы керісінше 3 пайызға арзандаған.  Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, Оңтүстік астанада пәтер жалдау арзан деп бөрікті аспанға атуға болмайды. Ақтау және Астана секілді ең қымбат өңірдің үздік үштігіне енетін  қалада жалдамалы пәтердің шаршы метрі 2000 теңгеден басталып, 2700 теңгеге дейін жетеді екен. «Бағаның шарықтауы сұраныстың көп болуымен тығыз байланысты» дейді сарапшылар.

Алина Буравцева, «Крыша» сайтының шолушысы:

-Егер жаңа үйден бір бөлмелі пәтер жалдаймыз делік. Астанада ол үшін 120 мың теңге төлесеңіз, Алматыда қалтаңыздан 150 мың теңге бересіз. Себебі, Алматыда жаңа немесе ескі үй болмасын, сұраныс көп. Сондай-ақ, Астанада Есіл ауданындағы, ал Алматыда Медеу, Бостандық және  Алмалы аудандарындағы пәтерлерді жалға алу бағасы өте қымбат. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар