Қоғам 24.09.2017 сағат 09:57  2731

Алматыда алғашқы халықаралық 3D-суреттер фестивалі өтті

Алматыда алғаш рет халықаралық 3D-суреттер салушылардың фестивалі өтті. Қатысушылар саны көп болмаса да, ерекше өнер иелері қаланың бірнеше бөлігіне көздің жауын алатын керемет суреттерін салып, жергілікті тұрғындардың қошеметіне бөленді. Ұйымдастырушылар болса келер жылы фестивальдің ауқымын кеңейтуді, яғни суретшілер мен қатысушы елдердің санын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі «Алматы сегодня» парақшасында жазылған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ең алғаш болып қазақстандық суретшілер өз туындыларын қазылар алқасы мен қарапайым көрермендерге ұсынды. Ақтөбеден келген Денис Брянцев пен Дияра Шоқбароваға сурет алу үшін Алматы зообағының тротуары берілген. Олар мұнда хайуанаттар бағының 80 жылдық мерейтойына орай арыстанның 3D-суретін салды.

Ал, екінші болып өз жұмысын Украина астанасы Киевтен келген стритартер Алексей Максимов көпшілікке көрсетті. Оның салған 3D-суретінде домино ойнап отырған қария бейнеленген. Суретшінің пікірінше, домино ойыны кез-келген қаланың ажырамас бөлігі. Бұл керемет кескін Панфилов көшесінің ашылуына арналды.

Соңғы болып өз жұмысымен таныстырған тағы бір украин суретшісі Владимир Пастушак бүркіттің суретін бейнелеген. Қазақтың туынан орын алған қасиетті құс еркіндіктің символы екені белгілі. Суретші жардың үстінен ұшып бара жатқан қыранның бейнесін Тұңғыш Президент саябағында салды. Бұл сурет Қала күніне арналып, «Алма Fest» фестивалінде көпшілік назарына ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ресейден, Беларусь елінен, АҚШ-тан және Қазақстанның өзге қалаларынан суретшілер шақыру жоспарда болған екен. Алайда, фестиваль аяқасты өткізілгендіктен, оларды келер жылы шақыру ұйғарылыпты.

Айта кетейік, 3D-суреттер салу елімізде сирек кездесетін өнер түрі емес. Дегенмен, фестиваль деңгейінде Алматыда алғаш рет өтіп бұр, бұған дейін жазда Астанада өткен Astana Art Fest-2017 халықаралық фетивалі аясында Нұржол гүлзарында жерге сурет салатындар суретшілердің көрмесі ұйымдастырылған болатын. Мұнда тек 3D-суретшілер емес, өзге де шеберлер келіп, өз өнерлерін қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар