Қоғам 07.09.2017 сағат 11:38  411

Медеу ауданының әкімі жыл соңына дейін ескі 28 үйдің сүрілетінін айтты

Ескі үй бағдарламасы бойынша Алматының бір ғана Медеу ауданында жыл соңына дейін 28 үй сүрілетін болды. Бұл туралы аудан әкімі Ержан Жылқыбаев бүгін ғана басталған «Medeu Invest 2017» форумы барысында айтты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аталған жиын барысында аудан басшысы бизнесмендер мен инвесторларға Медеу ауданының жылжымайтын мүлік саласындағы инвестициялық әлеуеті таныстырды.

Әкім Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, аталған саладағы өзекті мәселе ескі үйлерді сүру болып отыр. Олардың біразы апатты жағдайда болса, басқалары қааның көркін кетіріп тұр екен.

«Инвестициялық форум өткізгендегі мақсатымыз – Медеу ауданының инвестициялық потенциалын көрсету. Қанша жеріміз бос жатыр, сол секілді бос тұрған ғимараттарымыз да көп. Оларға инветорларды тарту үшін түрлі жеңілдіктерді де қарастығанбыз. Қазір, осы бағытта инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Себебі, ол болмаса ешқандай бизнесмен ақша салмайды. Ең бірінші кезекте Ескі үй бағдарламасы бойынша қалада 28 үй сүріледі. Аталған жобаларда 4 инвестор тартылып, қазір жұмыс жасап жатыр», - деді аудан әкімі Ержан Жылқыбаев.

Жалпы алғанда Медеу ауданында 1965 жылы салынған 135 ескі үй, барак типтегі 18 үй бар екен. Бұл үйлерде қазіргі таңда 2200 адам тұрып жатыр. Енді олардың ішінде 28 үй (21 - кірпіш, 7 - каркас-қамыс) үй сүрілетін болады.

Ең алдымен Қайырбеков-Әйтеке би-Бәрібаев-Қазыбек би квадратында 4 ескі биік үй мен 27 жекеменшік үй сүріледі, оның орнына «Алан Реалти» ЖШС 436 пәтерлік 9 қабатты үйлер салынып жатыр. Қазір 3 нүктесі, 8 блогы салынып бітті. Салынған инвестиция көлемі 9 млрд теңге. Ғимарат келесі жылы 4 тоқсанда пайдалануға беріледі.

Капиталды құрылыс кәсіпорны 40 пәтерлік 9 қабатты үйдің құрылысын бастады. Бұл нысанға салынған инвестиция көлемі 2,6 млрд теңге. Сонымен қатар, Төле би көшесі 11,13, Достық көшесі, 91,93,95 мекенжайларында құрылыс компаниялары тұрғындармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Жангелдин-Янушкевич-Баишев-Әшімбаев көшелерінің шаршысында 186 пәтерлік 12-қабатты үйлер бой көтереді. Оған 3,5 млрд теңге салынған.

Черкас бекінісі көшесіндегі 9 қабатты үйдің құрылысына 900 млн теңге бағытталған.

Айта кетейік, Алматы қаласы тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша 2012-2015 жылдары 48 үй сүіріліп орнына 51 үй салынған болатын. Ал, 2024 жылға дейін тағы мыңнан астам үй сүіріліп орнына жаңасы салынбақ. Сүрілетін үйлердің басым көпшілігі 70-80-ші жылдары салынған үйлер екені белгілі. Олардың барлығы тұруға қауіпті деп танылған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар