Қоғам 27.09.2017 сағат 13:34

Жыл соңына дейін алматылық кәсіпкерлерге 4,4 млрд теңге бөлінеді

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы қайда жұмсалады деген сауал көпшіліктің көкейінде екені айтпаса да түсінікті. Өйткені, халық өздері салық ретінде төлеген қаражаттың қандай мақсатта жұмсалып жатқанын білгісі келеді. Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің мәіметінше, желге ұшып жатқан ақша жоқ, бизнесмендерге деп бөлініп жатқан әрбір тыйынның есебі бар.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәселен, Алматыда жыл басынан бері 154 бизнес-жоба мақұлданып, оларға қаржы бөлінген. Жыл соңына дейін кәсіпкерлерге деп мемлекет бюджетінен тағы 4,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат грант, субсидиялау және қарызды кепілдендіру түрінде беріледі. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Алма Тұрлыбаева «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында көрсетілетін қолдауды түсіндіріп өтті.

– Екінші деңгейлі банктер коммерциялық несиені 19-24% жоғары мөлшерлемемен береді. Ал «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында қарыздың сыйақы мөлшерлемесі – 7-10%. Қалған соманың барлығы да мемлекет есебінен төленеді. Өңірлік үйлестіру кеңесінің 60% бизнес-қоғамдастық өкілдерінен тұрады, сонымен қатар жергілікті атқарушы органның өкілдері де бар. Бизнес-жобалар әр апта сайын қаралады. Бизнес жоспардаңы жаңа жұмыс орындарын ашу мен қала бюджетін толықтыру критерийіне баса назар аударылады. Ал, Алматы қаласында бұл бағдарлама бойынша қаражат 100% игеріліп келеді», – деп түсіндірді Алма Тұрлыбаева.

Өңірлік палата өкілінің айтуынша, Алматы қаласында бизнесті қолдауға арналған бірнеше бағдарлама қатар жүзеге асып келеді. Олардың ішінде республикалық бағдарламалар да, өңірліктері де бар. Мысалы, «Алматы-туризм» бағдарламасымен биыл 5 жобаға 398 млн теңге қаражат бөлініпті. Ал, «Алматы инновация» бағдарламасымен 90 млн теңгені 2 жоба бөлісіп алған. Сондай-ақ «Жібек жолы» бағдарламасы да сәтті жүзеге асырылып келеді. Сауданы дамыту үшін 66 жобаға жалпы 4 млрд теңге қаражат берілді. «Алматы өнім» арқылы 8 жоба жалпы 429 млн теңге алған.

Мемлекеттік қолдау көрсетілген компаниялардың бірі – Алматы қаласында орналасқан «Цин-Каз» ЖШС. Елімізде 19 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания томат жасау пен көкөніс консервілеуден үздік кәсіпорын ретінде танылды. Бүгінде кәсіпорын өнірістің желіні жаңартуды қолға алыпты.

«Цин–Каз» ЖШС сапа жөніндегі менеджері Жанар Рахымбекованың айтуынша өндірісті автоматтандыру, жаңғырту және кеңейтуге арналған бизнес-жоспар аясында 618,5 млн теңге инвестиция тартылған. Бүгінде бұл соманың 418 млн теңгесі игерілген. Оның ішінде 71 млн теңге субсидия ретінде мемлекеттен берілген. Осы қолдаудың арқасында жаңадан екі цех ашылды.

–  Өндірісті автоматтандыру мен жетілдіруге арналған жоба аясында көкніс салаты мен соя тұздығын дайындайтын жаңа 2 цех аштық. Қазақстанда соя тұздығы шығарылмайды. Ел нарығында импорттық тұздық бар. Ал біздің компания айына шамамен 30 мың соя тұздығын өндіруде. Қазіргі таңда 3 түрлі тұздық шығарылады», – дейді Жанар Рахымбекова.

Оның айтуынша, соя тұздығын дайындау үшін шикізат Қытайдан жеткізіледі. Ал салат жабу үшін жергілікті шаруалардың өнімдері пайдаланылады. Былтырғы жылы 500-600 тонна салат жабу жоспарланса, биыл бұл жоспар екі есеге ұлғайған.

Компания жыл соңына дейін Ресей мен Қырғызстанға жеткізілетін өнім көлемін 500 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар