Қоғам 13.10.2017 сағат 05:57

«Қарттарым – асыл қазынам» қайырымдылық шарасы өтті

Алматыда Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым - асыл қазынам» атты қайырымдылық шарасы өтті. Айтулы шараны «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалы мен Алатау аудандық әкімдігі  және «Алатау» дәстүрлі өнер театры ұйымдастырып отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Даналықтың алтын кілті - қазыналы қарияларда. Қарттарды ардақтау мақсатында өткен шараға қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шара барысында өнегелі өмірін ұрпақ тәрбиелеуге арнаған қариялар марапатталды. Олардың тізімінде Тілек Егізбай, Әлібек Сұлтанбеков, Ертай Балбаев, Мәли Жапақұл, ОрынкүлШерниязова, Гүлімхан Саймасаева, Жеке Байелиев, Серік Қармыспай, Салиха Досымова, Қасен Шалабаев, Төлеген Абсатов, Ғалия Манкеева, Алтыншаш Айнұрбаева, Рахымжан Қабашев, Тұрсын Абуов сынды қарттар болды.

Айта кетейік, аталмыш шараның мақсаты – елге, қаламызға еңбегі сіңген ардагердің өнегелі өмірін, қоғамда алатын орнын өскелең ұрпаққа дәріптеу. Сондай-ақ, сол арқылы кейінгі буынның бойына үлкенді құрметтеу, ата-баба аманатына адалдық, еңбекқорлық, ұлттық тәлім-тәрбие сияқты қазақы қымбат қасиеттерді сіңіру.

– 2 миллионға жуық халқы бар Алматының 220 мыңнан астам тұрғыны қариялар. Осыдан бес-алты жыл бұрын олардың саны небәрі 150-160 мың болатын. Ежелден келе жатқан «ұрпаққа ұлағат» деген тәмсіл бойынша, үлкендер соңынан ерген ұрпаққа ерекше мән берген. Жалпы, жастардың күні-бүгінге дейін әдет-ғұрпымызды, тілімізді, дінімізді сақтап жүргеніне сол қарттардың қосқан үлесі мол деп білемін. Сондықтан, мерекемен құттықтай келе, осынау шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін - деді Алатау ауданы ақсақалдар алқасының төрағасы Еренғали Шаймерденов.

Аталған жиында марапаттау мен құттықтау рәсімінен кейін дәстүрлі және эстрада әншілері өнер көрсетті. Ал, кеш соңында мейрамханада қарияларға арналып дастархан жайылды.

– Елбасы басқаратын «Нұр Отан» партиясы атынан әрқашан осындай елдің рухын көтеретін мәдени іс-шараларды қолдаймыз. Біз бір мезгілдік шарамен шектелмейміз. Жыл бойы өздеріңізден ақыл-кеңес алып, кез-келген салада болсын атқарылар шарулардың барысын ақылдасып отырамыз. Барлық жастарға рух беретін шаралардың төрінде қадірлі қариялар – сіздер отырасыздар. Өйткені халқымыз ежелден «қарияның айтқанын тыңдап, жастың тапқанын жина», – деп айтып кеткен. Өмірде көрген тәжірибиелеріңіз жол көрсететін темірқазық сияқты - деді «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филилалы төрағасының орынбасары Қайыммұнар Табеев.

Мөлдір Бегімбет

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар