Қоғам 19.10.2017 сағат 03:24  712

Астанада тағы 200 үлескер алданып қалды

Астанада кезекті үлескерлер дауы! Бұл жолы «Алға Тоқболат» деп аталатын серіктестіктің салымшылары түксіз қалуы мүмкін деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бірнеше жыл бұрын 200-ге жуық үлескер Есілдің сол жағалауында тұрғын үй салу үшін соңғы тиындарына дейін санап берген. Ал, құрылыс компаниясының басшысы бір жарым миллиард теңгені қалтаға басып, осы қылмысы үшін 9 жылға сотталып кетіпті. Кейін жер сипап қалған үлескерлер екіге бөлініп, түрлі кооператив құрып алған. Сот оның біреуіне үйдің құрылысын аяқтап пәтерін алуға рұқсат берсе, екінші кооперативтің өтінішін қанағаттандырмай тастаған. Бір қызығы үлескерлер осылай өз-ара соттасып жатқанда, тұрғын үй салынуы тиіс жердің мүлдем жеке тұлғаға ұзақ уақытқа жалға берілгені анықталып отыр. Енді ол да сотқа шағым түсіріп, салымшылардың барлық құжатын заңсыз деп табуды сұрауда.

Ботагөз Сәдуақасова, үлескер:

Ол кісі 73 жастағы үлкен әйел. Әкімдік біздің мәселемізді біле тұра ол адамға жерді неге береді? Енді ол барлық үлескерлердің келісімшартын жарамсыз деп табуды сұрап отыр. Бұл дегеніміз 200-ге жуық отбасы үйсіз қалады деген сөз.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар