Қоғам 08.09.2017 сағат 16:03  365

Алматыдағы репродуктивті медицина орталығына шетелден келушілер көбейген

Қазақстанның репродуктивті медицинасы тағы бір қадам алға жылжыды. Алматыда аталмыш орталық ашылғалы 10 мыңнан аса бала дүниеге келіпті. Дәрігерлер әйел жатырына ұрықты салмас бұрын, оны тексерудің жаңа тәсіліне көшкен. Енді медиктер ұрықты алдын ала смарт медициналық жабдықпен тексере алады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыдағы орталыққа әлемнің түпкір-түпкірінен ерлі зайыптылар келеді. Олардың дені кеш үйленгендер. Немесе, жалғыз басты әйелдер екен. Ал, орталыққа көбіне Қырғыз республикасынан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Ресейден көп келеді.

Келушілердің көбі өз елдіренде ем таба алмаған. Оның үстіне бізде қызмет көрсету сапасы жоғары. Дәрігерлер тексеру барысында соңғы үлгідегі техниканы қолданады. Ал, баға жағы айтпаса да арзан екені белгілі. Дәрігерлер, мұнда келген жұптар бала сүйіп, елдеріне бақытпен қайтады деп отыр.

Дәл осындай керемет сезімге бөлену үшін келген қытайық қандасымыздың да арманы біреу – бала сүю. Оның әйелімен отасқанына 7 жыл болыпты. Алайда, перзент сүю бақытына жете алмай келеді. Бұл тұрғыда Қытай дәрігерлерді де шарасыз болған көрінеді. Енді оның соңғы үміттерінің бірі Алматыдағы репродуктивті медицина орталығының маманарында.

«Тексеру барысы өте жақсы. Одан кейін позициялары да жақсы. Енді көріну барыстарында негізінен жақсы өнімдер болып жатыр. Тексерулер болды бірқатар. Енді алла бұйырса операцияға кіреміз. Өнімділігі бар деп отыр енді. Пайдасы бар деп отыр», - деді Қытайдан келген қандасымыз.

Біздің дәрігерлер ұрықты әйел құрсағына салмас бұрын оны тексерудің тың тәсіліне көшкен. Оған мұндағы смарт техникалар септігін тигізеді. Автоматтандырылған жабдықтар медиктердің жұмысын жеңілдетіпті. Жаңа ашылған ғимараттың қауқарымен қала әкімі Бауыржан Байбек танысып қайтты. Мұндай орталықтың маңыздылығына тоқталып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына көмектесу мәселесін шешуді тапсырды.

Маманның сөзінше, бұрындары эмбрионды толық тексере алмапты. Тек тәуекелге барып, әйелдің денсаулығына қарап ұрықты салған. Ал, қазір тың технологияның арқасында толық 23 жұп хромосоманы тексере алатын жағдайға жеткен.

«Біздің навизнамыз осыған кіргізіп жатқан. Бұл яғни гинетикалық тексеру. Ұрықты, эмбрионды анасынан алғаннан кейін әкесімен қосқаннан кейін эмбион пайда болады ғой, бала иа. Сол баланың қаншалықты дені сау ма, қандай потологиясы бар, соны әйелдің жатырына кіргізбей тұрып, біз ол эмбрионды тексереміз»,- деді Репродуктолог дәрігер, Ләззат Айтқожина.

Жалпы, репродуктивті медициналық орталық ашылғалы бері мұнда 10 мыңнан аса бала дүниеге келген. Қазір, орталыққа әлемнің әр жерінен ерлі зайыптылар келіп, бала сүйіп жатыр екен.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өзінің "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында жекеменшік медицинаны дамытуды ерекше тапсырған болатын. Бұл өз кезегінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру реформасын жүзеге асыру барысында қолға алынады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар