Қоғам 21.10.2017 сағат 08:46  777

Ақтауда қызымен бірге үшінші қабаттан секіріп кеткен әйел полицейлерден жәбір көргенін айтты

Ақтауда қызымен бірге балконнан секірген әйел полицейлерден жәбір көргенін мәлімдеді. Ауруханада жатқан 40 жастағы Зарина Байдосованың айтуынша, Шымкенттен барған тәртіп сақшылары бұларды кепілге алып, қорқытып, ұрып-соққан. Тіпті қызын зорламақ болған көрінеді. Содан соң құлағанда жұмсақтау болсын деп қызымен бірге жастық ұстап үшінші қабаттан секірген деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жамбасы сынып, миы шайқалған ол бірден полицейлердің үстінен шағым жазды. Ал оңтүстіктің ішкі істер департаменті өз қызметкерлерін жақтап, балконнан секірген әйелді күдікті деп отыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұрлық жасаған Байдосова полицейлерден емес, заңнан қорқып қашқан.

Алғашында ес-түссіз ауруханаға түскен анасы мен қызының жағдайы қазір оңалған, естерін жиып, полицейлердің үстінен арыз түсіріпті. Дегенмен, дәрігерлер оларды 2 айсыз аяққа тұрып кете алмайды дегенді айтып отыр. Ал, Заринаның өзі болса жоғарғы қабаттан секіргеніне өкінбейді. Секірмегенде тәртіп сақшылары қызымды зорлайтын еді дейді ол.

«Полицейлердің өзі үшеу болған. Оларға кейінірек тағы үш жігіт кеп қосылды. "Қазір ішімдік пен тіске басар бірдеңе әкеліп тойлаймыз" деп, бізге қарап күлді. Олардың көзқарасынан қызымды зорлағысы келгенін түсіндім. Сөйтіп, екеуіміз қашуға бел будық», - дейді З.Байдосова.

Ол ешкімнің ешнәрсесін ұрламағанын айтып отыр. Тек жалдамалы пәтердегі теледидарды бұзып қойғандықтан, үй иесі полицияға арыз түсірді дейді. Ал, шымкенттік полицейлер бұл оқиғаны басқаша айтып отыр. ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың сөзіне сенсек, Зарина жалдап тұрған пәтеріндегі бағалы дүниелерді расымен де ұрлап кеткен көрінеді. Үй иесі артынша оның үстінен арыз түсірген. Іздеу жұмыстары барасында күдікті әйелдің Ақтауда жүргені анықталған соң артынан екі полицейді жібердік дейді ол.

Естеріңізге салсақ, оқиға Ақтауда осыдан төрт күн бұрын болды. Ол кезде Зарина қызымени бірге үшінші қабаттағы балконнан секірген. Кейін оның ұрлық жасады деген күдікпен ұстап алған полицейлерден қашқаны туралы айтылды. Зарина Байдосованың үстінен шымкенттік полицейлер ғана емес, Алматы қаласының тергеушілері де «ұрлық» дерегімен іс қозғаған екен. Алайда ауруханада жатқан әйел өзін жаланың құрбанымын деп отыр. Ал кімнің рас, кімнің жалған сөйлеп жатқанын енді Маңғыстау облысының прокуратурасы анықтауы тиіс.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар