Қоғам 24.10.2017 сағат 04:12  1864

Ақтөбеде ұсталған ұялы телефон сатушыларының «діндарлар» екені анықталды

Ақтөбенің ескі бөлігіндегі «Астана» сауда үйінен полиция бөлімшесіне 21 қазанда ұстап әкеткен азаматтардың барлығы босатылды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Полицияның 23 қазан күні таратқан мәліметінше,олар рейд кезінде жүздеген қалта телефонын тексеріп, олардың арасынан ұрланған телефондарды таппаған. Бірақ «рұқсат етілмеген жерде сауда жасаған» 12 адамның, «тіркеусіз тұрып жатқан» 30 адамның үстінен әкімшілік іс қозғалған. Бұл азаматтардың барлығы кеше «Астана» сауда үйіндегі жұмыстарына қайта кіріскен.

«Астана» - Ақтөбенің Уәлиханов көшесі бойындағы киім-кешек сататын орталық. Сенбі күнгі оқиға куәгерлерінің айтуынша, ұсталған азаматтардың барлығы осы орталықта қалта телефоны мен оған қажетті аксессуарларды сатады. Бірқатарының «Астана» сауда үйінде телефон жөндейтін орындары бар.

Солардың бірі-қалта телефонын сатушы Айбатты өткен сенбі күні арнайы жасақ анасының көзінше автобусқа салып әкеткен.

- Бесін намазы шықпаған кез еді. Сағат түскі бірлердің шамасы. «Астанадағы» мұсылман балдардың бәрін екі автобусқа тиеп әкетті. Қалай әкетіп бара жатқандарын көзіммен көрдім. Тіпті балаларды ұрып жатқанын да көріп, «ұрмаңдар» деп айғайладым, -дейді Нұрсұлу Гафарова.

Анасының сөзіне қарағанда, отбасындағы бес баланың бірі біраздан бері Айбат дін жолын ұстанады. «Өз күнін өзі көріп», «бес теңгені он теңге қыламын» деп жүрген ұлын Нұрсұлу Гафарова сақалына бола ешбір мекеме жұмысқа алмайтынын айтады. Сондықтан, Айбат сатушылыққа жалданып, жүкті келіншегі мен бауырларын асырап жүрген көрінеді.

Полицияның бұл әрекетін Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев «телефон ұрлығын ашуға бағытталған іс-шара» деп түсіндірді. Дәулембаевтың айтуынша, күштік құрылымдардың қолында ұрланған телефондардың барлығы «Астана» сауда үйіне өткізілетіндігі туралы мәлімет болған.

Ақтөбе қалалық әкімдігі әлеуметтік желілер арқылы таратқан ақпаратта соңғы кездерді Ақтөбеде қалта телефондары мен планшеттердің қолды болуы жиілеп кеткендігі туралы айтылады. Сондықтан күштік құрылымдар ұрланған электронды техниканы сатып алып, саудалайтын жерлерді жаппай тексере бастапты.

Ал Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі телефон ұрлығына қатысты статистика мен «Астана» сауда үйінен сенбі күні қанша адамның әкетілгені туралы мәлімет беруден бас тартты. Телефон сатушылардың туыстары қырықтан астам азаматтың алты сағат бойы Елек полиция бөлімінде болғанын айтады. Полиция бұл аралықта "олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, кәсіпкер-салық төлеуші ретінде тіркелудің қажеттігі туралы айтылды" деп хабарлайды.

Дереккөз: centralasian.org

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар