Қоғам 27.10.2017 сағат 13:05  628

Латын әліпбиі авторларының бірі Ербол Тілешов Жамбыл облысының зиялыларымен жаңа реформаны талқылады

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің латын графикасына көшуі туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі. Енді 2025 жылға дейін қазақ тілі кезең-кезеңмен кирилл қарпінен латын қарпіне көшіріледі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осы латын әліпбиінің жаңа нұсқасын жасаған жұмыс тобының құрамында Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешовтің де болғаны белгілі. Бүгін ол Тараз қаласында болып, Жамбыл облысының зиялыларымен, қоғам белсенділерімен, мемлекеттік қызметкерлермен және жастармен кездесті. Іс-шараны облыс әкімлігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйымдастырып отыр.

Кездесудің мақсаты – қазақ жазуын латын графикасына көшірудің маңыздылығын түсіндіру, ұсынылған әліпби жобасы туралы мәлімет беру.

Жиында Ербол Тілешовтен бөлек облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филтиалы төрағасының орынбасары Ш.Тілеумұрат, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры М.Төлепберген, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің проректоры А.Абдуалы және өзге де спикерлер жаңа реформаға қатысты өз ойларымен бөлісті.

Шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тіл жанашырлары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және белсенді жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

Еске салайық, Елбасының қазақ тілін латынға көшіру туралы идеясын айтқанына он жылдан астам уақыт өтті. Дегенмен, оны іс жүзінде жүзеге асыру тек биыл ғана қолға алынып отыр. Кеше сәуір айында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көргеннен кейін латын әліпбиінің қазақша бірнеше нұсқасы әзірленіп, ол қоғамда кең талқыланған болатын. Ал, кеше Мемлекет басшысы осы нұсқалардың соңғысына тоқталғанын айтып, қазақ тілі сол графикаға көшетінін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар