Қоғам 30.10.2017 сағат 03:38  449

Шымкентте тағы бір букмекерлік кеңсені тонап кетті

Шымкентте букмекерлік кеңсені тонап кетті деп жазады Otyrar.kz. Куәгерлердің айтуынша, 29 қазан күні белгісіз біреулер Жангелдин көшесіндегі «Эврика» сауда үйіне қарама-қарсы орналасқан ойынханаға кіріп, кассада отырған қызды қорқыту арқылы барлық ақшаны алып кеткен.

Оқиға түнгі сағат 22:00 мен 22:30 аралығында орын алыпты.

Портал мәліметінше, букмекерлік кеңседен қарақшылар 600 мың теңге алып кеткен. Сол маңайдағы тұрғындардың айтуынша, құмар ойындар кеңсесі тәулік бойы жұмыс істеп тұрған және ірі көлемде бәс қабылдамаған. Ешқандай атауы жоқ ойынханаға тек білетін адамдар ғана бас сұғады екен.

Қазіргі таңда оқиға орнына полицейлер келіп, істің мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар