Қоғам 26.10.2017 сағат 11:13  1052

Жамбыл облысында қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мақсатында 1019 іс-шара өткізу жоспарланған

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биыл қазақ тілінің латын әліпбиіне көшіп жатқаны белгілі. Ана тілімізге жасалып жатқан осынау маңызды реформаны депутаттар, қоғам белсенділері, зиялылар халық арасында кеңінен насихаттауда. Осындай түсіндіру жұмыстары Жамбыл облысында да жанданған. Бүгін Таразда баспасөз мәжілісін өткізген облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова дәл осындай мыңнан астам шара өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Брифингке сондай-ақ, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айсұлу Тұрарова да қатысты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сұлушаш Сәтбекқызының айтуынша, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты тарихи еңбегі елімізде үлкен рухани серпіліс туғызғаны уақыт ақиқаты. Өйткені, Ұлт көшбасшысының рухани жаңғыру идеясы ұлтымыздың тұтастығы мен мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған құнды құжатқа айналып, барша қоғамға тың серпіліс әкеліп, үлкен деңгейде оң қоғамдық пікір қалыптастырды.

Бірқатар деректер көрсеткендей, дүние жүзінде ең ірі ауқатты экономикасы бар 30 мемлекеттің 22-де, ал 10 жетекші экономикасы бар мемлекеттердің 7-де, ішкі жалпы өнімі жан басына шаққанда ең жоғары деңгейдегі 20 аса қуатты елдердің 18-де, бизнес жүргізуге қолайлы 30 мемлекеттің 25-де латын қарпі пайдаланылады екен.

Мемлекеттік тілді жаңа әліпбиге көшіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық комиссиясы жұмысшы тобының жетекшісі, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбектің айтуынша, осы жылдың 11 қыркүйегінде Парламенттік тыңдауда ұсынылған әліпби жобасы бойынша Президент әкімшілігіне 300-ден астам ұсыныстар мен үндеулер келіп түскен. Әлеуметтік желілерде 1000-ға жуық тақырыптық жазбалар жарияланған.

Осы мақсатта облыста бекітілген желілік кестеге сәйкес жыл соңына дейін 1019 іс-шара өткізу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 403 іс-шара өткізілсе, оның 61-і облыстық деңгейде, 30-ы қалалық, 312-і аудандық деңгейде өткізілді.

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен облыстық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен оқытушыларының, облыстың зиялы қауым мен тіл жанашырларының, білім беру ұйымдарының қазақ тілі пәні мұғалімдерінің қатысуымен өткізілген «Латынға көшу – заман талабы» тақырыбындағы басқосуда қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру мәселесі кеңінен талқыланса,республика мен облысқа танымал ғалымдардың қатысуымен өткен «Жаңа әліпбиге көшу – өркениеттік таңдау, ұлттық модернизацияның, жаңғырудың мызғымас бөлігі» атты дөңгелек үстел отырысында ұсынылған әліпби жобасынақатысты пікірлер тыңдалды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өткен «Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһандануының негізі» атты дөңгелек үстел отырысына, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған «Латын әліпбиі – ХХІ ғасырдың білім мен ғылым тілінің өзегі» атты шараларға жастар мен тіл жанашырлары белсене қатысты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық сана, ұлттық бірегейлікті сақтау, интеллектуалды қоғам қалыптастыру сияқты мәселелердің аса өзектілігін насихаттай отырып, латын әліпбиіне көшу

мәселесіне деген жастардың оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында облыстағы белсенді жастар арасында «Тіл – татулық тірегі» атты жастар форумы өткізілді. Форумда облыстың белсенді жастары латын әліпбиіне көшудің тиімділігін насихаттай отырып, мемлекеттік тілді жетік меңгерген этностар мен бірнеше тілді білетін полиглот жастар «Көп тіл білу – заман талабы», «Латын қарпіне көшу – болашаққа бастар бағыт» тақырыптарында өз ойларын ортаға салып, жастарды қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесін насихаттау бағытында жүргізілетін жұмыстарға белсене қатысуға шақырды.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша басқарма тарапынан 3 әлеуметтік жоба әзірленіп, жүзеге асырылуда.

«Облыс тұрғындары арасында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасының аясында Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру жөніндегі республикалық жұмысшы тобының мүшелері мен осы мәселеге жауапты мамандар 11 қазан – 10 қараша аралығында барлық аудандар мен облыс орталығында «Латын әліпбиі – бірегейлік пен жаңғыру негізі» тақырыбында халықпен кездесулер өткізіп, «Латын әрпіне көшу – жаңғыруымыздың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды,- деп сөзін түйіндеді басқарма басшысы.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар