Қоғам 30.10.2017 сағат 06:50  752

Алматыда «Латын әліпбиінің бүгіні мен келешегі» атты жиын өтті

Мемлекет басшысы кешегі аптада қазақ тілінің латын графикасына көшуі туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл тарихи оқиғаға қолдау білдіріп, еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі жиындар өтуде. Солардың бірі Алматыда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқу орнының студенттері мен профессорлар құрамы «Латын әліпбиінің бүгіні мен келешегі» тақырыбында ой қозғап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған басым бағыттарды да талқылады.

Кездесу барысында студент жастарға қазақ қоғамындағы тіл саясатының тарихы, бүгінгі қазақ тілінің деңгейі туралы ақпараттар беріліп, латын әліпбиіне көшу барысының  артықшылықтары баяндалып, ауыл шаруашылығы мамандықтарына  латын әліпбиінің қажеттілігі туралы мәліметтер келтіріліп, пікірлер айтылды.

Жастардың осынау маңызды реформаға қатысты пікірлерін білу мақсатында студенттерге сұрақтар қойылып, латын әліпбиінің бүгінгі жағдайы мен болашағын қалай елестете аласыз деген тақырыппен еркін микрофон сәті ұйымдастырылды.

Бұдан бір күн бұрын мемлекет басшысы президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдаған кезде латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өткен болатын.

«Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр», – деді мемлекет басшысы.

Қазақ тілінің латын әліпбиі жобасы 25 қыркүйек күні парламент мәжілісінде таныстырылған еді. Осыған байланысты параламент тыңдалымы ұйымдастырылып, оған барлық мүдделі тараптар қатысқан болатын. Отырысты ашқан төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин  латын әліпбиіне көшу мәселесінде ешқандай қателік болмауы керек екендігін, бірақ та мұны іске асыру қарқынды жүретінін айтты. Оның айтуынша, латын әрпіне негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиі бірнеше жыл бойына әзірленген.

Жаңа қазақ әліпбиі қазіргі кириллицадағы 42 әріптің орнына латын әрпінің 32 таңбасымен таңбаланатын болады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар