Қоғам 30.10.2017 сағат 12:26  1515

Алматыда «Латын әліпбиі» деген атаумен дөңгелек үстел өтті

Мемлекет басшысы кешегі аптада қазақ тілінің латын графикасына көшуі туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл тарихи оқиғаға қолдау білдіріп, еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі жиындар өтуде. Солардың бірі Алматыда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Латын әліпбиі» деген атаумен өткен дөңгелек үстелді аталған оқу орнының «Тілдер» кафедрасы ұйымдастырып отыр. Жиынға ретінде, Мемлекеттік тілдерді дамыту институтының атқарушы директоры, ф.ғ.к. Б.Қапалбеков, Жазушылар одағының мүшесі Н.Токмырза, Алматы менеджмент университетінің доценті, ф.ғ.к. Л. Бегалиева, аға оқытушы Г.Байтілеуова шақырылса, өз пікірін айтуға академияның ардагер оқытушылары: М.Кобдиков, С.Мырзалы, Н.Балқияұлы, М.Шалабаев, сонымен қатар, академия педагогтары мен студенттер қауымы келді.

Кездесу барысында, әліпбиді өзгерту кезіндегі қорқыныштар, әліпби болашағы мен құрылымы туралы ұсыныстар, талап-тілектер көптеп айтылды. Дөңгелек үстел барысында бұл сұрақ барлық әлеуметтік топтарды қызықтыратыны байқалды. Сарапшылар арасында талқыланып жатқан және латын әліпбиіне көшудегі «ең тиімді әліпби жасау» мәселесі академияда да қызу талқыға түсті. Бүгінде белгілі болғандай, келе жатқан бұл үлкен өзгеріс - Қазақстанның ақпараттық кеңістікте өз орнын табуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және қауіпсіздік мәселесін күшейтуге өз әсерін тигізетіні анық.

Студенттердің атынан өз пікірін білдірген ВТПО-17-1к тобының студенті Тәттігүл Мендешканова 2025 жылға дейін латын әліпбиін қолданысқа енгізу керек деген Елбасының ұсынысын қолдайтынын айтты.

«Бүгінгі таңда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әлипбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді біреулері асығыстық жасамайық деп сақтандыруда. Мұндай пікірлердің айтылуы заңды құбылыс деп ойлаймын. Алайда, анық бір мәселе бар. Ол - қазақ тілі бүгін бе, ертең бе міндеттті түрде латын әліпбиіне көшеді. Сондықтан, студенттер қауымы осы бағдарламаны қолдауға әрқашан да дайын» - деп өз ойын ортаға салды.

Біздің дамуымыздың басты принциптерінің бірі – жаңа кезеңдегі жаңаруға іштей ұмтылыс. Даму үшін – өзгеру қажет.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар