Қоғам 16.10.2017 сағат 11:45  1552

Меркіде мектеп оқушыларына «Рухани жаңғыру» идеясының басты құндылықтары түсіндірілді

Биыл сәуір айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялаған болатын. Елбасының бұған дейінгі бағдарламалары мен жолдаулары елдің экономикасын тіктеуге бағытталған болса, бұл жолғысы идеологияны қалыптастыруға, қоғамның санасын жаңғыртуға негізделген.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Президенттің осынау еңбегі жарық көргені сол екен, бүкіл депутаттар, қоғам ұайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері жаппай мақаланың бағыттарын халық арасында насихаттауға кірісіп кетті. Басты мақсат – Елбасы мақаласындағы басым бағыттардың жүзеге асу барысын жұртшылыққа түсіндіру.

Осы мақсатты орындау үшін бүгін Жамбыл облысы Мерке ауданында жазушы, қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаев аудан орталығының оқушыларымен, педагогтарымен және ата-аналармен кездесу өткізді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген атаумен өткен кездесуде Р.Сейсенбаев Мемлекет басшысының мақаласында көрсетілген 6 басым бағыттың әрбіріне тоқталып, олардың маңыздылығын, қоғамға қажеттілігін ерекше атап өтті.

Бұл кездесудің басты ерекшелігі – баяндамашылар ел ішінен алынды және кездесуге негізінен жоғары сынып оқушылары, ата-аналар, мектеп директорлары және қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің ұстаздары қатысты. Бұндай аудиторияны таңдаудағы басты мақсат – ауданның атын Республикалық, облыстық деңгейде қорғап жүрген мектеп оқушыларын үлгі ретінде насихаттап, Елбасымыз айтқандай «Еліміздің болашағы – жастардың қолында» екендігін жас ұрпақтың бойына сіңіру болды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында аудандағы 14 округтен ел ішінде насихаттауға болатындай, әрбір баласы мірдің оғындай өткір болып өсіп келе жатқан отбасыларды «Үлгілі отбасы» ретінде аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді» деген болатын. Бұл кездесудің тағы бір ерекшелігі ешкімнің көмегінсіз төрт гектар жерден 7 тонна құлпынай алған «БешКо» шаруақожалығының басшысы Әлібек Ақылбеков пен «Бахор» шаруақожалығының төрағасы Бахтияр Хасанбаев жиналған жастарға бүгінгі жетістіктерінің басты критерилерімен бөлісті.

Елбасының бағдарламалық мақаласындағы әрбір басымдықты өмірмен сабақтастырған бұл кездесуде келген көпшіліктің аталмыш іс-шарадан алары көп болды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар