Қоғам 31.10.2017 сағат 05:53

Жамбыл облысында жол ережесін өрескел бұзып, үш адамды өлтірген жігіт 9 жылға сотталды

Жамбыл облысында бір әулеттің үш адамын ажал құштырған көлік жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. Меркі ауданының 27 жастағы тұрғыны енді 9 жылға темір торға қамалумен қатар марқұмдардың туыстарына моральдық залал есебінде қыруар қаржы төлейтін болды деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұрболат Шолпанқұлов әу баста өзінің кінәсін толық мойындап, қаза тапқандардың жақындарынан кешірім сұраумен болған. Бірақ жәбірленушілер оны кешірмек түгілі, судьядан оған барынша қатал жаза беруді талап еткен. Қайғыдан қан жұтқандар енді осы тоғыз жылға қанағаттанады ма, немесе апелляциялық шағым түсіреді ме, ол жағы әзірге белгісіз. Арызданушы Ағапаша Амрулаевтың өзі әлі нақты бір шешімге келмеген.

Естеріңізге салсақ, шілденің 14-і күні Меркі ауданында ірі жол апаты болған еді. Той кортежіндегі Гелендваген қарсы бетке шығып кетіп, жүйіткіген бойда Ладамен бетпе-бет соғылған. Қатты соққыдан седанды тізгіндеген 23 жастағы азамат пен оның анасы және тағы бір туыс қарындасы қаза тапқан болатын. Және екі келіншек ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.

Айман Ахметова, судья:

-Іс бойынша азаматтық жауапкер деп танылған сотталған Шолпанқұлов Нұрболат Талдыбайұлынан азаматтық талапкер жәбірленуші Амрулаев Ағапашаның пайдасына моральдық залал ретінде 5 млн. теңге өндірілді. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар